ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
Баспасөз-релизі
Қазақстан Республикасындағы АҚШ Елшілігінің әскери ынтымақтастық бөлімінің қолдауымен а.ж. қыркүйек айының 5 мен 9 аралығында Астана қаласында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу-әдістемелік орталығында «Қаржылық қылмыстарды тергеу» тақырыбында халықаралық семинар өткізіледі.
Халықаралық семинардың басты мақсаты қылмыстық жолмен және терроризмді қаржыландырудан алынған кірістерді жылыстату мақсатында қаржылық тергеуді жүргізуге қатысты оқыту. Қаржылық тергеуді жүргізу және жоспарлау аясында дайындықты жоғарлату. Семинар барысында басты назар қылмыстық жолмен және терроризмді қаржыландырудан алынған кірістерді заңдастыру саласындағы бастамалары мен озық тәжірибеге бағыттылған.
Аталған іс-шараға сарапшы ретінде АҚШ нұсқаушылары қатысады.
Семинар барысында жаңа деңгейдегі теориялар (3 кун) мен тәжірибелерге (2 кун) шолу жүргізіледі.
Біліктілігін арттыру курстарының қорытындысы бойынша тыңдаушыларға сертификаттар табыс етіледі.
ҚР ҚМ МКК Баспасөз-қызметі