Жарияланған күні: 14.09.2016 16:35
Өзгертілген күні: 14.09.2016 19:02

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

Баспасөз релизі
 

2016 жылғы 13 қыркүйекте Ыстық-Көлде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Салықтық (қаржылық) тергеу органдары басшыларының үйлестіру кеңесінің (СТОҮК) XVIII отырысының жұмысы басталды.

Отырысқа Қырғыз Республикасының вице-премьер-министрі   Жениш Разаков, сондай-ақ Армения, Әзербайжан, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстанның өкілдері қатысуда. Үйлестіру кеңесінің XVIII отырысына қадағалаушы ретінде Грузия мен Литва өкілдері шақырылды.

Қазақстандық делегацияны Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Тлеу Жанғарашев және Комитеттің Профилактикалық жұмыс және бақылау басқармасының басшысы Талғат Башев білдірді. 

Осы жылғы іс-шара, өз мемлекеттерінде экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, бюджеттің толтыруын қамтамасыз ету және бюджет шығындарын барынша азайту мәселелері бойынша ТМД қатысушы мемлекеттердің салықтық (қаржылық) тергеу органдарының қызметіне арналды. Күн тәртібінің өзекті мәселелерінің бірі ТМД қатысушы мемлекеттердің ұлттық заңнамасының ахуалы, салық (қаржы) заңнамасының бұзушылығына қарсы күрес саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың шартты-құқықтық базасы туралы мәселелер, оларды дамыту және жетілдіру бойынша, оның ішінде қылмыстық жолмен алынған кірісті заңдастыруға (жылыстатуға), терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл бойынша шаралар болып табылды.

Қазақстан тарапы СТОҮК отырысының жұмысына басшылық етуде және Қазақстан жылдық төрағалығының қорытындысын жасады.

ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі