Жарияланған күні: 05.04.2022 12:18
Өзгертілген күні: 05.04.2022 12:20

Ағымдағы жылдың 28 наурызынан 1 сәуірі аралығында аумақтық Мемлекеттік кірістер департаменттерінің рентген құрылғыларымен жұмыс жасайтын қызметкерлер үшін, «Сканерлеуші қондырғыларда жұмыс жасауға және рентген құрылғыларының бейнелерін талдауды үйрету» атты арнайы 5 күндік күндізгі оқу курсы Алматы қаласында өтті.

         Курстың негізгі мақсаты – шекара бекеттеріндегі бақылау сапасын арттыру және сканерленген суреттерге РТҚ (Рентген-телевизиялық қондырғы) операторлары ұсынған құжаттардың мазмұны туралы ақпаратпен, біліктілік талдауын жүргізу.

         Курстың мақсаты: сканерлеу жабдығын пайдалану, қауіпті және тыйым салынған заттарды анықтау дағдыларын жетілдіру, сонымен қатар рентген – телевизиялық қондырғыларды сипаттау және пайдалану.

         Курстың алғашқы күні ОӘО – ның басшы орынбасары Касымкулова Л.Т. курсқа қатысушыларды тіркеу және  ашылуымен бастады. Ол қатысушыларды “Rapiscan”, “Rapiscan DV”, “Smith-Heimann” және “Heimann-container” рентген – телевизиялық қондырғылардың негізгі ұғымдарымен таныстырды.

Оқу барысында түрлі бұрыштарда ұсынылған қауіпті заттарды тануды жақсарту мақсатында, көзге арналған түрлі тапсырмалар қолданылды. Бірінші күннің соңында, Цифрландыру және қашықтықтан оқыту бөлімі қатысушылардың оқу нәтижелерін болжау және білім деңгейін анықтау үшін алдын – ала тестілеу өткізді. Джолдасбаева Л.Б. «Ең көп таралған есірткілердің түрлері» тақырыбында дәріс оқыды.

Курстың екінші күні күнделікті техникалық қызмет көрсетудің регламенттелген жұмыстарының тізбесі бойынша ауызша дәріс ұйымдастырылды. РТҚ-да практикалық тапсырмаларды қолдану (ХТТ мәнін (органика, темір, шыны, пластмасса) анықтау үшін іріктемелі жүк багажын сканерлеу). Курс тыңдаушылары «Жетісу» к/б аумағындағы пошта терминалына жиналды. Барлық қатысушыларды 3 топқа бөлініп тапсырмаларды орындады. Келесі тапсырмалар орындалды: қосу және өшіру бойынша практикалық міндеттер, РТҚ жұмыс қабілеттілігін тексеру, ЕАЭО кеден одағының аумағына әкелуге тыйым салынған халықаралық пошта жөнелтілімдерін (ХПЖ) іріктеп сканерлеу, ҚР аумағына әкелуге тыйым салынған заттарды анықтау үшін көру жадына арналған тапсырмалар.

Курстың үшінші күні қатысушылар «Жетісу» к/б ҚР аумағынан жеке тұлғалардың ұшу аймағында жиналды. Практикалық сабақтар:

1)үшінші елдердің аумағынан келетін жеке тұлғалардың қол және жүк багажын тексеру бойынша (Душанбе-Алматы рейсі);

2) ҚР аумағынан кететін жеке тұлғалардың қол және жүк багажын тексеру бойынша практикалық сабақтар (Алматы-Дубай рейсі).

Курстың төртінші күні қатысушылар «Жетісу» к/б, "Қазпочта" ЮГ    АЛО жиналды. ЕАЭО кеден одағының аумағына әкелуге тыйым салынған халықаралық пошта жөнелтілімдерін (ХПЖ) іріктеп сканерлеу, одан әрі ішінара пошта жөнелтілімдерін тексеру кезінде Қазақстан-Норвегия бағыты бойынша жасыру жолымен келе жатқан темекілер анықталды.

Практикалық тапсырмаларды орындау барысында криптовалютаны өндіру бойынша жабдықтар анықталды (Франция-Қазақстан бағыты). Сондай-ақ, тыйым салынған заттарды (қол гранатасы, синтетикалық есірткі, пышақ, қолдан жасалған жарылғыш заттар) анықтауға арналған, көру арқылы есте сақтау тапсырмаларын орындады.

Арнайы курс аяқталғаннан кейін, қорытынды тестілеу өткізілді. Тестілеу нәтижелері бойынша арнайы курстың барлық тыңдаушыларына сертификаттар берілді.

Оқыту іс – шарасын ОӘО-ның Цифрландыру және қашықтықтан оқыту бөлімі  ұйымдастырды. Дәріскерлер ретінде:

  • Касымкулова Л.Т. – ОӘО – ның басшы орынбасары;
  • Джолдасбаева Л.Б. – Маңғыстау облысы бойынша МКД «Морпорт»

к/б жетекші маманы;

  • Адамбаев М.К. - Алматы облысы бойынша МКД «Алтынкөл-Жол»

к/б жетекші маманы қатысты.

Оқу жоспарының орындалуы, кестеге сәйкес үзіліссіз жүзеге асырылды.

Арнайы курс аяқталған соң жүргізілген сауалнама нәтижелерін талдау барысында, қатысушылар курсты ұйымдастырғандар мен оқытушылардың кәсібилігін жоғары бағалады.