Жарияланған күні: 05.05.2022 14:50
Өзгертілген күні: 05.05.2022 14:54

«Қызмет көрсету орталығының үздік қызметкері»

Мемлекеттік кірістер комитеті «Қызмет көрсету орталығының үздік қызметкері»  атағына 223 МКБ арасындағы ай сайынғы конкурс шеңберінде 2022 жылдың сәуір айына конкурс өткізді.

Конкурс аумақтық МКО қызметкерлеріне жасырын қоңырау шалу арқылы өткізіледі және бірнеше критерийлерді қамтиды:

- дербес деректерді ұсына отырып, салық төлеушінің корпоративтік сәлемдесуі;

- берілген сұраққа толық және дұрыс кеңес беру;

- салық төлеушінің қарсылықтарына, даулы мәселелеріне барабар жауап бере білу.

Аталған конкурс қызмет көрсету орталықтары қызметкерлерінің қызмет көрсету нәтижесіне объективті баға алуға бағытталған және Мемлекеттік кірістер органдары көрсеткен қызметтердің сапасын арттыруға тікелей әсер етеді.
2022 жылдың сәуір айының қорытындысы бойынша «Қызмет көрсету орталықтарының үздік қызметкерлері»:

- Мухтарова Гүлжихан Есімжанқызы – Қостанай облысы бойынша МКД Науырзым ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы мемлекеттік қызметтер көрсету орталығы-салық төлеушілермен жұмыс бөлімінің бас маманы. Мемлекеттік кірістер органдарында 1996 жылдан бастап жұмыс істейді, жалпы еңбек өтілі 26 жыл. Функционалдық міндеттеріне мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде салық заңнамасын түсіндіру бойынша жұмыс кіреді. Гүлжихан Есімжанқызы тапсырманы сапалы және уақтылы орындайтын, білікті, жауапты, еңбекқор маман ретінде әріптестерінің  құрметіне ие болды. Ол әр бөлшекке мұқият: ол есептегі сан болсын немесе салық төлеушіге кеңес беру. Жасыратыны жоқ, тіпті есептегі ең кішкентай қателік кейде өте қымбатқа түсуі мүмкін.

- Тілеубаева Замзат Кәрібайқызы, Жамбыл облысы бойынша МКД Сарысу ауданы бойынша МКБ салық төлеушілермен жұмыс бөлімінің бас маманы.

Мемлекеттік кірістер органдарында 2011 жылдан бастап жұмыс істейді. Жұмыс барысында Замзат Кәрібайқызы өзіне қойылған міндеттерді сапалы орындайтын, атқарушы, болашағы зор маман ретінде өзін көрсете білді. Өзінің дағдыларын үнемі жетілдіріп отырады, жаңа нәрсені үйренуге деген ынтасын білдіреді. 

- Ақтөбе облысы бойынша МКД Колл-орталығының операторы Роза Анесовна Юдкина колл - орталықтың үздік операторы болып танылды.Роза Әнесқызы Мемлекеттік кірістер органдарында 2002 жылдан бастап жұмыс істейді, жұмыс өтілі 20 жылдан астам. Байланыс орталығының операторы, мысалы, салық төлеушілердің қысымынан немесе қызмет көрсету мерзімінің күйіп кетуінен туындаған стресстік жағдайларда да өзін-өзі ұстай білуі керек.   Роза Анесовна өзін күнделікті көпшіл, бастамашыл, командада жұмыс істей алатын маман ретінде көрсетеді.