
Көлеңкелі бизнес-күмәнді алкоголь
Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлерімен алкоголь өнімдерінің заңсыз айналымын анықтау мақсатында, жүргізілген тексеру барысында көтерме саудамен айналысатын дара кәсіпкер Б.К. қоймасынан шығу тегі белгісіз есептік-бақылау маркалары жапсырылған 648 дана алкоголь өнімдері анықталды.
Барлық заңсыз алкоголь өнімдері көлеңкелі айналымнан алынып, қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тиісті шаралар жүргізілуде.