ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Ғосман Кәрімұлы Әмрин кеден өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізді.
2016 жылғы 29 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Комитет Төрағасының орынбасары Ғосман Кәрімұлы Әмриннің төрағалық етуімен ҚР Премьер-Министрінің 32-ө Өкімін іске асыру шеңберінде әзірленген Мемлекеттік бақылаушы органдардың Бірлескен бұйрығымен бекітілген КРО және КЛО мемлекеттік бақылаушы органдардың өзара іс-қимыл Тәртібі мәселелері бойынша Астана қаласы бойынша МКД «Астана-КРО» кедендік бекетінде тауарларды кедендік декларациялауды жүзеге асырушы СЭҚҚ және кеден өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізді.
Осы бұйрықпен «жалғыз терезе» қағидатын жүзеге асыру үшін бақылаушы органдардың бір Кедендік ресімдеу орталықтарында және Халықаралық көлік – логистикалық орталықтарында орналасуы көзделген.
«Жылдамдылық» және «Қолайлылық» өлшемдері - «жалғыз терезе» қағидаты шеңберіндегі бақылаушы органдар жұмысының өзекті қағидаттары болып табылады.
Бақылаушы органдардың лауазымды тұлғаларын бір ғимаратта орналастыру кедендік тазарту және шығарумен байланысты кедендік операцияларды жүргізу кезінде сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар үшін уақытты үнемдей отырып, қолайлы жағдайлар туғызады. Сонымен сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар уақыттық шығындарды практикалық қысқарту мүмкіндігін алады.
Дөңгелек үстел барысында мемлекеттік бақылаушы органдарының өзара іс-қимылдарының оң бағыттары талқыланды.
Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар және кедендік өкілдердің айтуы бойынша Тәртіп бекітілген сәттен бастап кедендік формальдылықтардан өту мерзімі қысқарылды, «Астана-КРО» кедендік бекетінде кедендік тазарту жылдам түрде жүзеге асырылуда.
Шын мәнінде, тауарларды шығару уақытының төмендеуі көптеген өзге де КРО-да байқалады.
Мысалы: «Астана-КРО» к/б ағымдағы жылдың басында тауарларды кедендік тазарту уақыты 3 сағат 20 минуттан тұрса, Бірлескен бұйрық бекітілген соң 2 сағат 48 минуттан тұрады,
«Алматы-КРО» к/б ағымдағы жылдың басында тауарларды кедендік тазарту уақыты 2 сағат 44 минуттан тұрса, Бірлескен бұйрық бекітілген соң 1 сағат 39 минуттан тұрады,
«Алмалы-КРО» к/б ағымдағы жылдың басында тауарларды кедендік тазарту уақыты 5 сағат 28 минуттан тұрса, Бірлескен бұйрық бекітілген соң 2 сағат 27 минуттан тұрады.
Сонымен қатар, Комитет Төрағасының орынбасары Ғосман Кәрімұлы Әмрин СЭҚ қатысушыларына алдын ала кедендік декларациялауды қолдануды ұсынды. Бұл шығыстарды айтарлықтай төмендетуге және тауар айналымын ұлғайтуға мүмкіндік береді, тауарларды шығаруды жылдамдатады және ұйымдастырушылық кездерді оңайланады.
Тауарларды кедендік декларациялау кезінде тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде кедендік бақылауды жүргізуге қатысты СЭҚ қатысушыларының сұрақтарына сәйкес түсініктемелер берілді.
ҚР Қаржы министрлігінің
Мемлекеттік кірістер комитетінің
Баспасөз қызметі
(Бейбітшілік 10)