Жарияланған күні: 01.06.2022 16:11
Өзгертілген күні: 01.06.2022 16:28

2022 жылғы 24 – 26 мамыр аралығында ҚР ҚМ МКК Оқу-әдістемелік орталығы ҚР ҚМ МКК Өндірістік емес төлемдерді, жеке тұлғаларды және арнайы салық режимдерін әкімшілендіру департаментімен бірлесіп «Әлеуметтік төлемдерді жинаудың жаңа тәсілдері» тақырыбында қашықтықтан семинар өткізді.

Іс-шараның мақсаты – аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлеріне «Әлеуметтік төлемдер бойынша берешекті өндіріп алудың жаңа тәсілдері» қолдану принциптеріне, негіздеріне, ерекшеліктеріне түсіндіру.

Семинарға тыңдаушылар ретінде мемлекеттік кірістер органдары аумақтық бөлімшелерінің  қызметкерлері қатысты.

25 мамыр күні сағат 10.00-де семинар тыңдаушылары үшін Polycom бейнеконференцбайланыс арқылы дәріс оқылды.

Дәріскер ретінде:

- Балмаганбетова Жанат Дастановна – ҚР ҚМ МКК Берешектермен және дәрменсіз борышкерлермен жұмыс басқармасының бас маманы;

Семинарға қатысушылардың тарапынан лекторға сұрақтар қойылып, оларға толық жауаптар берілді.

Іс-шара қорытындысы бойынша 140 қатысушыларға біліктілігін сәтті арттыру туралы сертификаттар жіберіледі.