
2022 жылғы 30 маусымда екі тараптың бастамасымен ҚХР-дағы ҚР Елшілігі мен ҚХР ШҰАА ХҮ ықпал етуімен Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарының «жасыл дәліздер» ашылуын және өткізу пункттері жұмысының басқа да мәселелерін талқылау жөніндегі келіссөздер жүргізілді.
Тараптар барлық өткізу пункттерінде ауыл шаруашылығы өнімдерінің өтуін жеделдету үшін «жасыл дәліздерді» ашуға мүдделі екендіктерін растады, бұл өз кезегінде қысқа мерзімде кеденік ресімдеу тиімділігін көтереді және ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортына шығынды азайтады.
Кездесу барысында Мемлекеттік инспекция комитеті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіп кешенінде Қытайға бидай жөнелту үшін есепке қойылған жаңа қазақстандық қойма кәсіпорындарын (элеваторлар) аккредиттеу, 2022 жылғы рапс және картоп бойынша қазақстанның ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын бірлескен инспекция жүргізу мерзімін келісу, сондай-ақ басымдықтарды келісу және өсімдік шаруашылығы өнімдерінің тәуекелін бағалауға талдауды алу мәселесін көтерді.
Қытай тарапы Қазақстан Республикасымен ынтымақтастыққа ерекше мән беретінін және қазақстан тарапы көтерген екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселесін жақын арада қарайтынын атап өтті.