
Ағымдағы жылдың 8-12 тамыз аралығында «Инспекциялық-тексеру кешендерін қолдана отырып алынған рентген бейнелеріне талдау жүргізу» тақырыбында семинар өткізілді. Семинар Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері үшін «Бахты» кеден бекетінде өтті.
Дәріскерлер ретінде:
- Касымкулова Лаззат Турдакыновна - ОӘО басшысының орынбасары;
- Абдреимова Меруерт Рабатовна - ОӘО-ның цифрландыру және қашықтықтан оқыту бөлімінің басшысы.
Курстың негізгі мақсаты - ИТК техникасы мен экипажының кешенді жүйесі болып табылатын кедендік бақылаудың сапасын арттыру, ИТК операторларының ұсынылған құжаттар мазмұнының мәліметтерімен сканерленген бейнелерге біліктілік талдауын жүзеге асыру.
Курстың екінші, үшінші және төртінші күні қатысушылар «Бахты» кеден бекеттерінде практикалық оқудан өтті.
Қатысушылар танысты:
- жүкті интрузивті емес сканерлеу үшін рентгендік технологияларды қолдану;
- сканерлердің техникалық сипаттамасы;
- жасыру әдістері;
- тыйым салынған заттарды (жарылғыш заттарды, жарылғыш құрылғыларды, қару-жарақ пен оқ-дәрілерді, есірткі заттарды, контрабандалық тауарларды және т. б.) іздестіруді және анықтауды қамтамасыз етуге;
-ИТК рентген-суреттерінің нәтижелері бойынша органикалық және бейорганикалық заттарды тануды талдау;
- рентгендік бейненің перспективалық орналасуы және тереңдетілген талдауы.
Курс қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысы бойынша МКД-нің 10 қызметкері оқудан өтті. Тыңдаушылар рентген-телевизиялық қондырғыларда жұмыс істеудің теориялық және практикалық дағдыларын, сондай-ақ қол жүгі мен багажды жіктеуді, кедендік шекара арқылы тасымалдауға тыйым салынған және шектелген заттарды анықтау мақсатында жүк көлік құралдарын тексеруді игерді.
Семинар соңында тестілеуден өткен барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.