Жарияланған күні: 17.10.2022 16:20
Өзгертілген күні: 17.10.2022 16:24

2022 жылғы 14 қазанда Мемлекеттік кірістер комитетінің Төрағасы Д.Жанәлінов Еуразиялық экономикалық комиссияның Кедендік ынтымақтастық жөніндегі алқа мүшесі (министр) М.Мамытқановпен кездесті.

Кездесуде Мемлекеттік кірістер комитеті Еуразиялық экономикалық комиссия алаңында Одақтың кеден заңнамасына, атап айтқанда ЕАЭО Кеден кодексіне өзгерістер енгізу мәселелері бойынша жүргізіп жатқан жұмыстардың нәтижелері талқыланды.

Тараптар аталған жұмыстың нәтижелері Қазақстан Республикасының да, Одаққа қатысушы елдердің де іскерлік ахуалына оң әсерін тигізетінін атап өтті.