Жарияланған күні: 18.11.2022 16:24
Өзгертілген күні: 18.11.2022 16:27

     2022 жылғы 17 қарашада онлайн режимде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мен Қытай Халық Республикасының Бас кеден басқармасы арасында кездесу өтті.

     Кездесу барысында тараптар ҚР Үкіметі мен ҚХР Үкіметі арасындағы ядролық материалдардың, радиоактивті материалдардың, радиоактивті қалдықтардың және радиациялық қауіпті заттарды заңсыз өткізуді болғызбаудағы өзара іс-қимыл жөніндегі келісімді іске асыру тәртібін талқылады.

     Іс-шара соңында тараптар жұмыс тобының өзара іс-қимыл тетігін және радиациялық бақылау бойынша бірлескен оқыту іс-шараларын өткізу жоспарын әзірлеуге келісті.