
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
Баспасөз релизі
Мемлекеттік кірістер комитетінің Экономикалық тергеу қызметінің жұмысын қортындылау
Мемлекеттік кірістер комитетінде Экономикалық тергеу қызметінің елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл бойынша жұмысының қорытындысына арналған брифинг өтті.
МКК ресми өкілі Мұрат Жұманбай әлемдік экономикадағы дағдарыс нышандарына орай көлеңкелі экономика елдің қауіпсіздігіне төніп тұрған тікелеу қатер екендігін атап өтті.
Сондай-ақ, ол экономикалық құқық бұзушылықтарға тиімді қарсы іс-қимыл, олардың сапалы және жедел тергелуі мақсатында ЭТҚ жұмысы жетілдіріліп отыратындығын айтты.
Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне материалдарды тіркеуге жаңа ұстанымдар айқындалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру алдын ала түбегейлі талдаудан және жедел-іздестіру шараларын жүргізгеннен кейін басталады.
ЭТҚ бастамасымен жүргізілген қылмыстық істерді аяқтау бойынша лауазымды тұлғалардың дербес жауапкершілігі белгіленген.
«Қабылданған шаралардың және өзара іс-қимылды тиісті түрде ұйымдастыру нәтижесінде біз ЭТҚ негізгі бағыттары бойынша жедел-тергеу практикасының жақсарғаны туралы айта аламыз», - деді ведомстваның ресми өкілі.
Сотқа 3 мыңдай қылмыстық іс жолданды, бұл өткен жылға қарағанда 44%-ға артық (1 654). Аяқталған қылмыстық істер бойынша залал 193 млрд.теңгені (67,7 млрд.тг), өтелген залал – 63,1 млрд.теңгені (32,8 млрд.тг), одан әрі залалды өтеу үшін тыйым салынған мүлік - 27,1 млрд.теңгені (8,7 млрд.тг) құрады.
Фискалды бөлімшелер мен ЭТҚ МКК аясында біріктірілуі жалған кәсіпкерлікке және жалған фирмаларға, бюджет қаражатын жымқыру мен басқа экономикалық бұзушылықтарға қарсы тиімді іс-қимыл жасауға мүмкіндік бергендігіне М.Жұманбай ерекше назар аударды.
Осы жылдың 9 айында жалған кәсіпкерлік фактілері бойынша өндірісте 2 582 қылмыстық іс (2204) болды, олардың 866 тергеумен аяқталды (284).
Жалғанкәсіпорындарды бастапқы кезеңдерде анықтау үшін жалған фирмаларды оларға ғана тән белгілер арқылы табатын Тәуекелдерді басқару жүйесі (ТБЖ) жасалды.Саралау нәтижесінде тәуекелі жоғары фирмалар басшылары ортақ топтарға біріктіріледі. Олар бойынша тиісті шаралар жүргізіледі.
Нәтижесінде қылмыстық қолма-қол ақша айырбастаумен айналысқан 23 ұйымдасқан қылмыстық топ әшкереленді.Қоданыстағы ТБЖ жалған кәсіпорын белгілерін бастапқы сатыда, яғни мемлекетке ірі көлемде залал келтіргенге дейін, оның ішінде оларды тіркеу сатысында анықтауға мүмкіндік береді.
Осы жолмен 726 күдікті қаржылық операция тоқтатылды. 3 000-нан астам әлеуетті жалған кәсіпорын анықталды, олардың 2 545 немесе 85% ҚҚС бойынша есептен алынды. Бұл олардың заңға қайшы қызметін жалғастыруға мүмкіндік бермеді.Сотқа жалған кәсіпорындардың мемлекеттік тіркелуін және олар жасаған мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы 722 талап арыз енгізілді. «Бүркеншік» тұлғаларға, оның ішінде тұрғылықты үйсіз қалған және ауыр науқас адамдарға ресімделген 813 қатерлі компаниялар анықталды.
МКК ресми өкілі коммерциялық банктерден қаржыны қолма-қол ақшаға айналдырудың азаюын жалған фирмалардың белсенділігінің төмендеуімен байланыстырды. Екінші деңгейдегі банктерде қолма-қол ақшаны шешу сомасы 13%-ға төмендеген. Мәселен, ағымдағы жылғы 9 ай ішінде заңды тұлғалар 705,7 млрд.теңгені қолма-қол шешті, өткен жылдың осы кезеңінде – 814,5 млрд.теңге шешілген.
Квазимемлекеттік сектордағы құқық бұзушылықтар бойынша өндірісте 1004 қылмыстық іс болды, 652 (252) қылмыстық істің тергеуі аяқталды. Олар бойынша келтірілген залал сомасы 14,2 млрд.теңгені құрады, оның 13,2 млрд.теңгесінің орнын толтырылды.
Алкоголь өнімінің көлеңкелі айналымын қысқарту бойынша шаралар қабылданды. Жылдың басынан бастап 210 қылмыстық іс тіркелді. Заңсыз айналымнан 3 млн. 630 мың жалған есепке алу-бақылау маркалары, 6 млн. 860 мың есепке алынбаған алкоголь өнімінің шөлмегі және 50 мың литр спирт алынды.
Жалған ақша жасау саласында ағымдағы жылы 102 қылмыстық істің тергеуі аяқталды. Жалған ақша жасаумен айналысқан 3 астыртын цех қызметінің жолы кесілді. Жалпы сомасы 2,2 млн.теңге жалған купюра алынды.
Ойын бизнесін заңсыз ұйымдастырудың жолын кесу бойынша белсенді шаралар қабылданды.
19 астыртын казино, 52 онлайн-казино, 119 ойын автоматтары залы қызметінің, 136 жалған лотерея, букмекерлік контораның және тотализаторлардың лицензиясыз қызметінің 98 фактісінің жолы кесілді.
Қазақстан аумағында интернет-казино қызметін көрсетуші интернет-ресурстарға мониторинг жүргізу нәтижесінде БҚО және ОҚО бойынша Департаменттері «Зеросыз» американдық, европалық, француздық рулеткалары онлайн ойынының қызметі көрсетілетін 19 сайтты анықтаған.
Біздің бөлімшелердің қолдаухаттары негізінде прокуратура органдары сотқа интернет-ресурстарды заңсыз деп тану және Қазақстан аумағында олардың таратылуына тыйым салу туралы талап-арыздар жолдап, олар қанағаттандырылды.
Сонымен қатар, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаменті Украинада тіркелген сайтқа қосылу арқылы құмар ойындар жүргізілетін 32 Inbet букмекрлік контораларын анықтады. 25 қылмыстық іс сотқа жолданып, олар бойынша 13 үкім шығарылды және 12 тұлға сотталды.
ҚР Қаржы министрлігінің
Мемлекеттік кірістер комитетінің
Баспасөз қызметі
(Бейбітшілік 10)