Жарияланған күні: 08.11.2016 15:51
Өзгертілген күні: 09.11.2016 10:28

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

Баспасөз-релизі

Трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа, жүйкеге белсендi әсер ететiн жаңа заттар мен синтетикалық есiрткiлерге қарсы іс-қимыл.

 

 

        Жаңа мың жылдықтың есірткі саласындағы ең жағымсыз жаңаша табыстарының бірі синтетикалық есiрткiлердiң пайда болуы. Есiрткiлердiң осы түрі шектен тыс пайдалану және нашақорлық тізімінде алдыңғы орындарға шықты. Тіпті, нарықта апта сайын синтетикалық есiрткiлердiң жаңа түрлері пайда болуда, себебі оларды дайындау үшін пайдаланылатын прекурсорларға тиым салынбаған.  

Есірткіні жаңа формуласын әзірлеу жылдамдығы, есірткілік заттардың айналымы қалай болса, сол сияқты оның прекурсорының тыйым салынған тізілімге енгізуді жедел қамтамасыз етуге мүмкіндік бермей отыр. Синтетикалық есiрткiлер қорқынышты әсерлерге ие, олар салыстырмалы арзан және өте қауіпті болып табылады.

Қазақстан Ауғанстаннан Еуропаға есірткі тасымалдау транзиттік жолында орналасқан. Қазіргі уақытта, елімізде есірткінің қауіптілік деңгейі жоғарғы екендігі байқалады.

2016 жылғы 2 қараша мен 4 қараша аралығында Павлодар қаласында «Трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа, жүйкеге белсендi әсер ететiн жаңа заттар мен синтетикалық есiрткiлерге қарсы іс-қимыл» тақырыбында  Халықаралық семинар өткізілді. Көрсетілген іс-шаралар Астана  қаласындағы ЕЫҚҰ бағдарламалық офисінің және Қазақстан Республикасындағы АҚШ Елшілігінің есірткімен және заңдылықты сақтауға халықаларық күрес бойынша бөлімнің көмек көрсетуімен өткізіледі.

Семинардың мақсаты трансұлттық ұйымдасқан қылмыстың ұғымы мен белгілерін талдау, саяси және құқықтық ойларды дамытудың заманауи кезеңінде осы құбылысты ескерту процесін жарықтандыру, оның таралуына қарсы іс-қимылды қамтамасыз етуге қатысты шараларға нұсқаулықтар әзірлеу және контрабандамен күресте тәжірибе алмасу, сондай-ақ жүйкеге белсендi әсер ететiн жаңа заттар, синтетикалық есiрткiлер және басқа да тыйым салынған заттардың контрабандасының халықаралық каналдарын анықтау тәсілдерін айқындау болып табылады.  

Лекторлар ретінде АҚШ-тың Есірткімен күрес бойынша басқармасының Халықаралық оқыту командаларының, Беларусь Республикасының Ішкі істер министрлігі мен есірткі заттарының, психотроптық заттардың және олардың прекурсорларының заңсыз айналымымен күрес жөніндегі Ортаазиялық Өңірлік Ақпараттық Үйлестіру Орталығының (ОАӨАҮО) өкілдері сөз сөйледі.

Семинар жұмысына Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің өкілдері, ҚР ҚМ МКК және аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының Экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлері қатысады.

ҚР Қаржы министрлігінің

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Бейбітшілік 10)