
9 желтоқсанда Ақтау қаласында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің Кеден қызметтерінің біріккен алқасының (ЕАЭО КҚБА) 40-шы мерейтойлық отырысы және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Кеден қызметтері басшылары кеңесінің (ТМД КҚБК) 75-ші отырысы өтті.
ЕАЭО КҚБА отырысы барысында тараптар жеке пайдалану үшін тауарлармен операциялар жасау тәртібін жетілдіру кезінде өзара қолайлы тәсілдер әзірленді және тауарларды темір жол көлігімен тасымалдау кезінде кеден қызметтері арасында қағазсыз ақпарат алмасуға көшу тетіктері айқындалды, ЕАЭО сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасына сәйкес жекелеген тауарларды жіктеу бойынша және тағы басқада тәсілдер біріздендірілді.
ТМД КҚБК отырысының қорытындысы бойынша ТМД сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай Тауар номенклатурасына өзгерістер енгізу туралы шешім қабылданды, оларға қатысты зияткерлік меншік объектілеріне құқықтардың бұзылуы белгіленген тауарлар туралы кеден органдары арасында ақпарат алмасу регламенті және тауарларды кедендік пломбалармен тасымалдауға арналған көлік құралдарын жабдықтау қағидаларына әдістемелік ұсынымдар және тағы басқалар бекітілді.
ТМД КҚБК отырысына Маңғыстау облысының әкімі Н. Ноғаев қатысты. Өңір басшысы өз сөзінде қабылданған шешімдердің маңыздылығы мен өзектілігін атап өтіп, кездесу нәтижелері халықаралық ынтымақтастықты дамытуға және нығайтуға оң үлес қосатынына сенім білдірді.
Отырыстарға Армения, Әзірбайжан, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан кеден қызметтерінің бірінші басшылары, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссия мен ТМД Атқарушы комитетінің өкілдері қатысты.