
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
Баспасөз-релизі
Мемлекеттік кірістер комитетінде сыбайлас жемқорлық көріністерінің азайғандығын айтуда.
«Бүгін біз қабылданған шаралар өз нәтижелерін бере бастағанын және мемлекеттік кірістер органдарында сыбайлас жемқорлық деңгейінің төмендегенін айта аламыз», - деді ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай ведомстваның дәстүрлі брифингісінде.
Ол ағымдағы жылдың 9 айында өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлеріне тіркелген сыбайлас жемқорлық соталды тергеу материалдарының саны 37%-ға (294-тен 185-ке) төмендегенін және олардың 120 біздің ішкі қауіпсіздік бөлімдерімен немесе басқа құқыққорғау органдарымен бірлескен шаралар нәтижесінде анықталғандығын атап өтті.
Пара алу фактілері мемлекеттік кірістер жүйесінде 2 есе (88-ден 45-ке) азайған.
Бұл жағымды өзгерістердің себептері ретінде МКК ресми өкілі вдомстваның сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысын түбегейлі қайта қарағандығын айтты.
Егер бұрындары сыбайлас жемқорлық қақарсы іс-қимыл айыпты тұлғаларды қылмыстық жауапкершілікке тарту арқылы оның салдарымен күреске бағытталған болса, қазір алдын-алуға баса назар аударылуда.
М.Жұманбай М сыбайлас жемқорлық жасап әшкереленген қызметкерлердің тікелей басшыларының жауапкершілігі қатаңдатылғандығы айтып өтті. Осы жылдың басынан қарамағындағылардың жұмысына бақылау жасамағаны үшін 44 басшы тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 4-і төмен қызметке ауыстырылды, бірқатары лауазымнан босатылды.
Ұсақ бұзушылықтар және мемлекеттік қызметтің беделін түсіретін теріс қылықтар үшін тәртіптік жауапкершілік күшейтілді.
Ағымдағы жылғы 9 айда 3,5 мыңнан аса лауазымды тұлға тәртіптік жазаға тартылды, оның 64-і жұмыстан қуылды (2015 ж. 9 ай – 3014 қызметкер жазаланды, 42 жұмыстан шығарылды).
Мемлекеттік қызметтің беделін түсіретін теріс қылықтар үшін 45 (35) адам жазаланды, оның 12 жұмыстан
Сонымен қатар, М.Жұманбай Мемлекеттік қызметтер мен бақылау-рұқсат беру функцияларының көп шоғырлануына орай мемлекеттік кірістер органдарының қызметі бүгінгі күні сыбайлас жемқорлық тәуекелдері кездесетін салалардың біріне жататындығын мойындады.
«Қатаң қылмыстық жауапкершілікке пара алатын шенеуніктермен қатар пара беретін тұлғалар да тартылады» - деді ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай ведомстваның дәстүрлі брифингісінде.
Мемлекеттік кірістер комитеті сыбайлас жемқорлықпен күреске уәкілетті органмен бірлесіп, кәсіпкерлер мен сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар тарапынан пара беру фактілерін анықтау жұмысын жандандырды.
«Басқа сөзбен айтқанда, біздің қызметкерлерге пара беретіндерді жауапқа тартуды қолға алдық», - деп атап өтті МКК ресми өкілі.
Өткен жылдан бастап мемлекеттік кіріс орагнадарының қызметкерлеріне пара берудің 25 фактісінің жолын кесілді.
Бүгінгі күні пара берушілердің жартысынан көбі (14) сотталды. Оларға айыппұл төлеу немесе бас бостандығынан айыру жазалары қолданылды.
Мысалы, 30 млн.теңге айыппұл төлеуге "Газовое хозяйство Шымкент-Газ" ЖШС директоры Юсупов С. сотталды. Ол Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша МКД Экономикалық тергеулер қызметінің тергеушісіне қылмыстық іс бойынша оң шешім шығару үшін 1 млн.теңге пара берген.
Маңғыстау облысының МКД қызметкеріне әкімшілік жазаға тартпау үшін 50 мың теңге көлемінде пара берген Сулейманов Я. және Грузия азаматы Масаливи М. ұсталды.
Масаливи 1 млн.теңге, Сулейманов 500 мың.теңге айыппұл төлеуге сотталды.
Соңғы екі жылда біздің қызмкетлерге жалпы соммасы 77 млн.теңге пара ұсынған екен.
Мәселен, Қарағанды облысы бойынша МКД Ішкі қауіпсіздік басқармасы «Юг-Спецстройпроект» және «Phaeton concept» заңды тұлғаларының басшылығана қатысты қылмыстық іс бойынша тергеушіге пара беру фактісін әшкереледі.
Ташкенбаева Ж. деген азаматша бұл фирмалардың делдалы ретінде оларды қылмыстық жауапкершіліктен босату үшін экономикалық тергеулер қызметінің тергеушісіне 27 мың АҚШ доллары көлемінде пара берген.
Ташкенбаева мүлкін тәркілеумен 6 бас бостандығын айыруға сотталды.
«Осылайша, біз салықтөлеушілер мен сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға Мемлекеттік кірістер комитеті пара беру фактілерімен қатаң күресетіндігі және барлық сұрақтарды заңды жолмен шешуге бел буғандығын нақты көрсетіп отырмыз», - деп сөзін түйіндеді М.Жұманбай.
Мемлекеттік кірістер комитетінің басшылығымен ведомства қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқы ынталандырылады және марапатталады.
Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай ведомстваның дәстүрлі брифингісінде айтты.
Пара берушілікпен күреске белсенді үлес қосқаны үшін 16 қызметкер марапатталды: 2-не мерзімінен бұрын арнайы атақ берілді, 1 қызметкерге «Үздік қызмет үшін» ведомствалық медалі берілді.
Мысалы, ОҚО МКД Экономикалық тергеулер қызметінің бөлім басшысы Дархан Тұрғынбайға МКК Төрағасының бұйрығымен арнайы атақ мерзімінен бұрын берілді.
Ол қылмыстық іс бойынша оң шешім шығару үшін Ишанов деген азамат ұсынған 10 мың АҚШ доллары көлеміндегі пара алудан бас тартқан және пара берушіні жауапқа тартуға ат салысқан.
Сонымен қатар, мемлекеттік кірістер органдарында қызмет атқаруда қайтпастық танытқан және пара берушілерді әшкерелеуде жәрдемдескен қызметкерлерді көтермелеудің басқа да нысандары қолданылады.
Осылай парадан бас тарқан 4 қызмткердің ата-анасына мемлекеттік кірістер комитетінің басшылығы атынан алғыс хаттар жолданды.
8 лауазымды тұлға ақшалай марапатталды.
ҚР Қаржы министрлігінің
Мемлекеттік кірістер комитетінің
Баспасөз қызметі
(Бейбітшілік 10)