
Бақылау жұмысының нәтижелерін ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Данияр Жанәлінов ОКҚ өткен брифингте баяндады.
Салықтық тексерулер
18 мыңға жуық салықтық тексеру аяқталды (кешенді 1,3 мың, тақырыптық 14,2 мың, хронометраж – 178), бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,2 есе көп (15,2 мың).
Оның себебі дебиторлармен өзара есеп айырысуды айқындау мәселелері (2021ж. – 892, 2022ж. – 2 053) және ЕАЭО мәселелері (2021ж. – 8,7 мың, 2022ж. – 10,1 мың) бойынша тақырыптық тексерулер санының (1 396 бірлікке) ұлғаюы болып табылады.
Бұл ретте 562 млрд теңге қосымша есептелді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 296 млрд (266 млрд теңге) артық.
Кедендік тексерулер
2 354 кедендік тексеру жүргізілді (176 көшпелі, 1 153 камералдық және 1 025 КҚжМТ, 2021ж. 11 айда - 3 177 тексеру).
149 млрд теңге кедендік төлемдер мен салықтар (КТменС) (оның ішінде 10 УЭО бойынша 107,7 млрд теңге) қоса есептелді, бұл өткен жылдан 128 млрд теңгеге артық (2021 ж. 11 айда - 15,8 млрд.).
Процестік шешімін қабылдау үшін ҚМА-ға жалпы сомасы 160 млрд теңгеге 134 салықтық және кедендік тексерулер (салықтық – 61, кедендік-73) бойынша материалдар жіберілді.
Камералдық бақылау нәтижелері
286 мыңға жуық хабарлама қалыптастырылды (саны 54 мыңға өсті), есептелді – 496 млрд, өндіріліп алынды – 377 млрд.
Ірі салық төлеушілер және жер қойнауын пайдаланушылар мониторингі
Ірі салық төлеушілердің 49 салықтық тексерісі және халықаралық салық салу шеңберіндегі, 90 млрд қоса есептелді, 7,3 млрд өндіріліп алынды, 80 млрд – шағымдануға тексерулер аяқталды.
Тарихи деректерді зерттеу шеңберінде деңгейлес мониторинг арқылы бюджетке шамамен 13,3 млрд теңге (пилоттың басынан бастап 29,7 млрд теңге) қоса есептелді және төленді.
Жер қойнауын пайдаланушылар бойынша 382 млрд теңге, оның ішінде тексерулер есебінен 73 млрд теңге қосымша өндіріліп алынды.
Жыл басынан бері жер қойнауын пайдаланушылардың 63 тексеру, оның ішінде 8-і Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша және 4-і Бас прокуратураның тапсырмасы бойынша бақылауда болды.
«Қазақмыс» және «KAZ Minerals» компанияларының топтарына қатысты тексерулер аяқталды, есептелген салықтардың, өсімпұлдар мен айыппұлдардың жалпы сомасы шамамен 100 млрд теңгені құрайды (Қазақмыс – 42 млрд, Қазминералз – 58 млрд).
ПҚӨС мөлшерлемесін ұлғайту және капиталды шығаруға қарсы іс-қимыл бойынша бұрын қабылданған түзетулерге қосымша ЭЫДҰ сарапшылары «Трансферттік баға белгілеу туралы» Заңға түзетулер әзірледі және қолдау тапты.
Қазіргі уақытта заң жобасы мемлекеттік органдарда келісілуде.