
Қазақстан мен Қытайдың арасындағы кедендік статистикадағы алшақтық 33,9%-ға дейін төмендеді. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Данияр Жанәлінов ОКҚ өткен брифингте хабарлады.
Қытай Қазақстанның сыртқы саудасының жалпы көлемінде (22,4%) 1-орын алады (ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерді есепке алмағанда).
Бұл ретте Қытайдың сыртқы саудасының жалпы көлеміндегі Қазақстанның үлес салмағы 0,5% құрайды.
Қазақстанның Қытайға экспорты – 11,1 млрд.. ҚР-дан ҚХР импорты – 12,6 млрд., алшақтық – 1,5 млрд. (12,1%).
Қазақстанның Қытайдан импорты - 8,6 млрд. ҚХР-ның ҚР-ға экспорты - 13,0 млрд., алшақтық - 4,4 млрд. (33,9%).