
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
Астана қ 17.11.2016ж.
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде а.ж. 17 қарашасында Мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының басшысы Нұрлан Өмірғалиұлы Рахымғалиевтің қатысуымен «Мемлекеттік қызмет көрестуді әкімшілендіру» тақырыбы бойынша брифинг өткізілді.
Мемлекеттік кірістер органы бизнес және халық үшін көптеген қызметтер көрсетеді. Комитетпен, мемлекетпен көрсетілетін қызметтің сапасын жетілдіру мақсатында тұрақты түрде көрсетілетін қызметтердің процессін оңтайландыру бойынша шаралар жүргізіліп отырады.
Бүгінгі таңда мемлекеттік кірістер органдарымен 53 мемлекеттік қызмет көрсетіледі, оның 32 салықтық және 20 кедендік бағыттағы, 1-уі Экономикалық тексеру қызметімен көрсетіледі - қылмыстық құқық бұзушылық туралы ақпараттарды қабылдау. Осы 53 қызметтің ішінен 34 электронды түрде, соның ішінде 25 салық бағытындағы, және 9 кеден бағытында көрсетіледі. Ал 18 қызмет тек қағаз түрінде көрсетіледі.
Кәсіпкерлер үшін аса көп сұранысқа ие электронды қызметтер болып Салық есептілігін қабылдау, Салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер, дербес шоттан көшірме беру, Кеден одағы шеңберінде тауарлардың экспорты-импорты кезінде салықтық нысандарды қабылдау табылады.
Салық төлеушілердің қолайлығы үшін салықтық бағыттағы 24 қызмет «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы баламалы түрде көрсетіледі және жуық арада тағы 5 кедендік бағыттағы қызмет көрсетілетін болады.
2016 жылдан бастап дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қою процедурасы оңайлатылды. Атап айтқанда, шағын бизнесті дамыту үшін, қолайлы жағдай жасау мақсатында дара кәсіпкерді (ДК) мемлекеттік тіркеу алымы алынып тасталынды.
2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап ДК ретінде тіркеу процедурасын оңайлату мақсатында, аталған қызметті хабарлама тәртібіне көшіру жоспарлануда.
Сондай ақ, ҚҚС төлеушісі ретінде тіркеу есебіне қою процедурасы оңайлатылды, ДК куәлігін беруге ұқсас - ҚҚС куәлігінің бланкасы электронды форматқа ауыстырылды.
Бақылау-кассалық машина мемлекеттік тізіліміне деректерді беруде-онлайн қызметі бар 37 жаңа жаңа үлгідегі БКМ енгізілді. Жаңа үлгідегі БКМ орнатқан салық төлеушілердің саны 53,2 мың, фискальдық деректер операторның порталында тіркелген БКМ саны 77,4 мың, жалпы соғылған чектердің саны 671,6 млн, осы бойынша сома 2,928 трлн.теңгені құрады.
Комитетпен уәкілетті экономикалық операторлар институтын жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Яғни, аталған мемлекеттік қызмет бойынша шығыс құжатының нысаны бекітілді (кедендік өтініш), ұсынылатын 5 құжаттың түрі алынып тасталынды, осыларды Комитеттің ақпараттық жүйесінен алуға болады.
Уәкілетті экономикалық оператор – бұлар айқындалған заңды тұлғалар санаты, осыларға арнайы және қосымша арнайы жеңілдіктер беріледі, соларды пайдалану кедендік операцияларды жүзеге асыру кезінде қаржылық және уақыт шығындарын үнемдеуге мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда тізімге 5 ірі ұйым қосылған, осылар өндіріс қызметімен айналысуда.
2016 жылғы 1 сәуірден бастап республиканың үш өңірінде мемлекеттік қызметті алу рәсімін оңтайландыру және оңайлату мақсатында Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында көрсетілетін мемлекеттік қызметтің эксаумақтық қағидатын негізу бойынша пилоттық жоба іске асырылуда. Ол салық төлеушінің есепке алу тіркеу орнына байлаулы болмауы, яғни, кез келген мемлекеттік кірістер органдарында қызметті алу мүмкіндігін көздейді.
Бүгінгі таңда осы қағидат бойынша 667 мемлекеттік қызмет көрсетілді – 120 қызмет екінші тоқсанда және 547 қызмет үшінші тоқсанда көрсетілді. Ол осы жоба деген салық төлеушілердің қызығушылығын білдіреді.
Аталған пилоттық жобаның қортындысы бойынша мемлекеттік қызметті көрсетудің бұл модельі ҚР барлық аумағында енгізілетін болады.
Салық төлеушілердің дербес шот есебін жүргізуге байланысты, салық міндеттемесін орындаудың есебі бөлігінде бірқатар оңтайландырулар атқарылды.
Біріншіден, Комитеттің ресми сайтында мемлекеттік органдардың сауалдары бойынша берешектің жоқ/бар екендігі туралы мәліметті беру қызметі іске асырылды.
Екіншіден, салық төлеушілерге берешек туралы мәліметті беру уақыты операциялық күннің жабылғанын күтпестен, 2-күннен бірнеше минуттқа дейін қысқарды.
Үшіншіден, Комитеттің мобильдік қосымшасында Android и IOS операциялық жүйе базасында берешектің жоқ/бар екендігі туралы мәліметті беру қызметі жүзеге асырылды, осы аталған қызмет берешек туралы ақпаратты тез арада қай жерде жүргеніне қарамастан алуға арналған.
Төртіншіден, Комитеттің ресми сайтында жеке тұлғалардың мүлік және жер салығы бойынша есептелген сомаларын және салық берешегі бойынша бар соманы Банкке төлеу үшін, квитанцияны басып шығарып алу мүмкіндігі бар Қызмет іске қосылған.
2017 жылы Комитеттің сайтында «электрондық үкімет» порталында бар ұқсас салықтарды төлеу қызметін жүзеге асыру жоспарлануда, осы қызмет төлемді банктік төлем картасын пайдалану арқылы жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Бесіншіден, салық төлеушінің өтінішінсіз салықтық берешектерді бюджеттік сыныптама коды ішінде (өсім пұл, салық, айып пұл, бір салықтың ішінде, басқа да салықтар және төлемдер) - салықтарды және төлемдерді автоматты түрде есепке жатқызу режимі іске қосылды. Аталған режим есеп беттің жағдайын тез арада актулизация жасауға әсер етеді, негізсіз өсім пұл есептемейді және инкассалық өкімдер қойылмайды.
Алтыншыдан, Комитетпен «электрондық үкімет» төлем шлюзімен бірлесе отырып Банктермен онлайн режимінде салықтардың және кедендік төлемдердің төленгені туралы ақпаратты беру тетігі іске қосылды. Аталған өзара бірлесу Комитеттің ақпарат жүйесіне салық төлеушілермен жүзеге асырылғаннан кейін төлемдер туралы ақпараттың беру мерзімін 2-3 жұмыс күнінен бірнеше минутқа дейін қысқартты.
Онлайн режимінде ақпаратты беру бюджеттке төленген салықтық және кедендік төлемдерді тез арада растау, тауарларды шығару кезінде төленгенін растайтын құжатты беру талабын алып тастау, салық төлеушінің есеп бетіне төлемдерді уақытылы және нақты отырғызу, және мемлекеттік қызметті уақытында көрсету мақсатында іске асырылды.
Қазіргі сәтте, онлайн төлем жүйесіне 2 ірі банк – «Қазпочта» АҚ (салықтар және кедендік төлемдер бойынша) және «Халық банкі» АҚ (кедендік төлем бойынша), жақын арада «Цеснабанк» АҚ қосылуды жоспарлауда, бұдан әрі қалған банктерді де қосу қарастырылуда.
Ағымдағы жылдың аяғына дейін, салық төлеушінің өтінішінсіз автожатқызуды қосу арқылы салық төлеушілердің тіркеу есебінің бар екендігін тексермей, төлемдерді есеп бетіне отырғызу режимі жоспарлануда. Сонымен, меншікке салықты төлеу кезінде төлемдерді есеп бетіне отырғызу төленген жері бойынша мемлекеттік кірістер органына жүргізіледі, одан әрі салық есептелген мемлекеттік кірістер органына автожатқызу арқылы отырғызылады. Аталған оңтайландыру төленген сомаларды салық төлеушінің есеп бетіне негізсіз өсім пұлсыз уақытында отырғызуға ықпалын тигізеді.
ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі