Жарияланған күні: 27.01.2023 12:30
Өзгертілген күні: 30.01.2023 09:33

2023 жылдың 26 қаңтарында Мемлекеттік кірістер комитеті "Жеке тұлғалардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы" заңды түсіндіру шеңберінде Алматы қаласының тұрғындары үшін Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының ғимаратында көшпелі семинар өткізді.

Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық мәселелері ҚР ҚМ МКК басқармалары мен оқу орталығының басшыларымен жан-жақты баяндалды.

Сонымен қатар МКК Алматы қаласы департаменті басқармаларының, сондай-ақ берешектерді оңалту және банкроттық процесіне тікелей қатысты басқармалардың қызметкерлерін таныстыру және даярлау мақсатында оқыту курсын іске асырды. Іс-шарада өтініштерді қабылдаудағы ситуациялық сәттерге арналған практикалық кеңестер берілді, сондай-ақ банкроттық процесінің барлық аспектілері ашылды.