
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде автокөлік құралдарының жалған транзит схемалары анықталды. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады.
Шетелдік көліктерді алыс шетелден жеткізу ағынға қойылды, қылмыстық схема транзитті әдейі жалған аяқтауды көздеді, бұл контрабандистерге үлкен пайда табуға мүмкіндік берді.
Грузиядан "Құрық" теңіз портынан "жалған транзит" схемасы бойынша автовоздармен контрабандалық автомобильдер Өзбекстанға жіберілген.
Құжаттар бойынша "Құрық" теңіз порты арқылы 22 жеңіл автокөлік Өзбекстан еліне жеткізілуі тиіс болатын. Алайда, үш автовозбен тасымалданған автокөлік құралдары межелі Өзбекстан елі яғни Ташкент қаласына жеткізілмеген.
Мемлекетке келтірілген залалдың алдын ала сомасы 98,8 миллион теңгеден асты.
Одан әрі, жеткізілмеген деректер бойынша тиісті шараларды жүргізу үшін Маңғыстау облысының экономикалық тергеп-тексеру департаментіне берілді. Күдіктілердің кінәсінің дәрежесін айқындай отырып, түпкілікті шешім тергеу нәтижелері бойынша қабылданатын болады.
Сондай–ақ, 2019 – 2022 жылдар кезеңінде Қазақстанға Маңғыстау облысының кедендік өткізу пункттері арқылы "уақытша әкелу" рәсімі бойынша он мыңнан астам автокөлік құралдары әкелінгені, оның ішінде 9800 автокөлікте мерзім өткендігі және оларды ЕАЭО-дан кері әкету міндеті жүзеге асырылмағандығы анықталды. Мемлекет төленбеген кедендік төлемдер мен салықтар түрінде 10 млрд. теңгеден артық соманы құрайды.
Осы фактілер бойынша полиция органдарымен тиісті бірлескен жұмыстар жүргізіліп және ЕАЭО кеден органдарымен ақпарат алмасу жүргізілуде.