
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен «Қаржы басқарушысының қорытынды есебінің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі бұйрық жобасы (бұдан әрі – Жоба) әзірленді.
Жоба «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және қаржы басқарушысының қорытынды есебінің нысанын бекітеді.
Бұл Жоба http://legalacts.egov.kz ашық нормативтік-құқықтық актілердің интернет-порталына 2023 жылдың 25 қаңтарында орналастырылған.
Жобаны жария талқылауды өткізу мерзімі – 2023 жылдың 8 ақпанына дейін.