
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен «Қаржы басқарушысының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және сот банкроттығы рәсімдеріндегі қызметін мемлекеттік бақылау саласында тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бірлескен бұйрық жобасы (бұдан әрі – Жоба) әзірленді.
Жоба «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы» 2022 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2-тармағын іске асыру мақсатында әзірленді, оған сәйкес бақылау субъектісіне барып тексеруді және профилактикалық бақылауды ұйымдастыру және жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексімен айқындалады.
Бұл Жоба http://legalacts.egov.kz ашық нормативтік-құқықтық актілердің интернет-порталына 2023 жылдың 26 қаңтарында орналастырылған.
Жобаны жария талқылауды өткізу мерзімі – 2023 жылдың 9 ақпанға дейін.