Жарияланған күні: 30.01.2023 11:09
Өзгертілген күні: 30.01.2023 11:10

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап салық төлеуші мен уәкілетті орган арасындағы электрондық өзара іс-қимылды оңайлату мақсатында ірі салық төлеушілерге мониторинг жүргізу тәртібіне өзгерістер енгізілді. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады.

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 132-бабына өзгерістер енгізілді, соған сәйкес ірі салық төлеушілердің мониторингіне жататын салық төлеушінің дәлелді шешіммен келісу туралы хабарламаны ұсыну мерзімі күнтізбелік бес күннен бес жұмыс күніне дейін ұлғайтылады.

Сонымен қатар, цифрландыру бойынша мемлекет жүргізіп жатқан жұмыс шеңберінде, сондай-ақ салықтық әкімшілендірудің бизнес-процестерін автоматтандыру және салық төлеушілер үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында «электрондық үкіметтің» веб-қосымшасы мен веб-порталына жіберу жолымен талапты, хабарламаны немесе дәлелді шешімді тапсыру рәсімін оңайлату ұсынылады.