
2023 жылғы 9 ақпанда Ақтау қаласының Достық үйінде ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Маңғыстау облысы азаматтарының қатысуымен «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы» жаңа заңды түсіндіру бойынша ашық семинар–кеңес өткізді.
Спикерлер ретінде: Берешекпен және дәрменсіз борышкерлермен жұмыс басқарма басшысының орынбасары Меруерт Сисембаева, Оқу-әдістемелік орталық басшысының орынбасары Лаззат Қасымқұлова және Берешекпен және дәрменсіз борышкерлермен жұмыс басқармасының бас сарапшысы Айнара Рахметова сөз сөйледі.
Семинардың негізгі мақсаты-проблемалық кредиттері бар халыққа қоғамдық маңыздылығын ескере отырып, Заңның негізгі ережелерін егжей-тегжейлі түсіндіру.
Сонымен, Заң рәсімдердің 3 түрін қарастырады-соттан тыс банкроттық, сот банкроттығы және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру.
Азаматтардың назарына: банкроттық туралы өтінішті 2023 жылдың наурыз айынан бастап беруге болатындығына аударамыз.
Қаңтар-ақпан айларында Қаржы министрлігі цифрлық даму министрлігімен бірлесіп кезең-кезеңімен ұйымдастыру-техникалық жұмыстар жүргізуде.
Атап айтқанда, қаржы басқарушыларының тізімі (тізілімі) қалыптастырылады, оған қолданыстағы банкроттық басқарушылар, аудиторлар, заң консультанттары және кәсіби бухгалтерлер енгізіледі.
Ақпараттық жүйенің прототипі әзірленді, оны тестілеу және пысықтау жүргізілуде.
Іс-шара азаматтардың белсенді қатысуымен сұрақ-жауап форматында өтті. Сындарлы диалог барысында толық жауаптар беріліп, банкроттық процессінің барлық аспектілері ашылды.