Жарияланған күні: 10.02.2023 11:11
Өзгертілген күні: 10.02.2023 11:12

2023 жылғы 9 ақпанда Аққағаз Досжанова атындағы Конференц - Холл ғимаратында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің бастамасымен "Жеке тұлғалардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы" заңды түсіндіру шеңберінде Ақтөбе қаласы мен облыс тұрғындары үшін Семинар-кездесу өтті.

Семинар барысында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің оқу орталықтары мен басқармаларының басшылары жеке тұлғалардың төлем қабілеттілігі мен банкроттығын қалпына келтіру мәселесін жан-жақты қамтыды.
Кездесуге қала азаматтарымен қатар БАҚ өкілдері , Атамекен ӨКП, заңгерлер, бухгалтерлер, жеке сот орындаушылары, блогерлер, банкрот басқарушылар, заң палаталарының өкілдері және басқа ұйымдардың қызметкерлері қатысты.

Іс-шара барысында қатысушылардан пікірталастар мен кері байланыс өткізілді, сондай-ақ жеке тұлғалардың жағдайларына байланысты өтініштері қаралды, банкроттық процесі егжей-тегжейлі талқыланды және тиісті жауаптар берілді.