
Жобаны Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі әзірледі.
«Таңбалануға жататын тауарлар тізбесін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 10 қыркүйектегі № 568 қаулысына сәйкес 2020 жылғы 1 қазаннан бастап фильтрлі сигареттер және 2021 жылғы 1 сәуірден бастап темекі өнімдерінің өзге де түрлері стиктер, сигаралар, сигариллалар, кальян темекісі және т.б. таңбалануға жатады.
Өз кезегінде, темекі өнімдерін таңбалау өндірілген сәттен бастап, импорт қоса алғанда, қадағалау мүмкіндігін береді. Осындай таңбалаудың арқасында тұтынушыларға сатып алынатын тауарлар туралы толық ақпарат алуға мүмкіндік берілді.
Осылайша, акциз маркалары алынып тасталуына байланысты, 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап темекі өнімдері тек қана сәйкестендіру құрылғыларымен таңбаланады.
Тұтынудың электрондық жүйелері 2022 жылдан бастап таңбалауға жататындығы себебімен «Темекі өнімдерін таңбалау және қадағалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 28 қыркүйектегі № 927 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрық жобасы әзірленді.
Жобаны іске асыру республикалық бюджеттен қаржы қаражатын бөлуді талап етпейді.
Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.
Жоба Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкес келеді.
Жоба мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналасқан. http://legalacts.egov.kz).
Қаулы жобасын жария талқылауды өткізу мерзімі 2022 жылғы 23 ақпан.