Жарияланған күні: 17.02.2023 16:37
Өзгертілген күні: 17.02.2023 16:38

 

2023 жылдың 15 ақпанынан бастап ЕАЭО сыртқы шекарасының өткізу бекеттерін техникалық жаңғырту жұмыстарына байланысты Қазақстан-өзбек шекарасындағы «Атамекен», «Қазығұрт» өткізу пункттері арқылы тек жүк автокөлік құралдары өткізіледі.

Қазіргі уақытта ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетімен
9 автомобильдік өткізу пункттерін жаңғырту және техникалық қайта жарақтандыру бойынша жұмыстарды жүргізуде.

Қазақстан-өзбек шекарасындағы «Қазығұрт» және «Атамекен» автомобиль өткізу пунктерінде жаңғыртуды жүргізу кезінде, жеке тұлғалардың шекараны кесіп өту кезінде олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және толыққанды бақылау үшін 2023 жылдың 15 ақпанынан бастап жеке тұлғаларды, жеңіл көліктерді,  автобустар мен 3,5 тоннаға дейін жүк көтеретін автокөлік құралдарының өткізілуіне уақытша тыйым салынды.

Осы өткізу пункттері арқылы өткен жеке тұлғалар, жеңіл көліктер,  автобустар мен 3,5 тоннаға дейін жүк көтеретін автокөлік құралдары төмендегі өткізу пункттеріне жолданады.

- «Б. Қонысбаев» (ҚР) – «Яллама» (ӨР) өткізу пункттері (жеке тұлғалар, жеңіл автокөліктер,  автобустар және 3,5 тоннаға дейін жүк көтеретін автокөлік құралдары);

- «Жібек жолы» (ҚР) – «Гишт куприк» (ӨР) өткізу пункттері (жеке тұлғалар, жеңіл автокөліктер,  автобустар);

- «Сырдария» (ҚР) – «Малик» (ӨР) және «Целинный» (ҚР) – «Ок олтин» (ӨР) өткізу пункттері арқылы (жеңіл автокөлік құралдары, жеке тұлғалар).

Сондықтан, «Атамекен», «Қазығұрт» өткізу пункттері арқылы жаңғырту аяқталғанға дейін тек жүк автокөлік құралдары өткізіледі.

Жаңғырту жұмыстары жобамен 2024 жылдың 4 тоқсанында аяқталады деп жоспарлануда.