Жарияланған күні: 21.02.2023 11:31
Өзгертілген күні: 21.02.2023 11:42

Құрметті салықтөлеушілер!

 

Мемлекеттік кірістер комитеті Салық Кодексінің 176-1-бабына сәйкес 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының аумағында Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген тауарлар айналымының қадағалануы жүзеге асырылатынын хабарлайды.

Тауарларды қадағалау тетігінің жұмыс істеу қағидалары Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 27 қаңтардағы № 88 бұйрығымен бекітілген.

Қадағалауға жататын тауарлардың айналымын жүзеге асыратын салық төлеушілер ВҚ  арқылы ресімделген ТІЖ негізінде ЭШФ жазып беруге тиіс. Мұндай ЭШФ болмаған кезде мұндай тауарларды өткізуге жол берілмейді.

Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген тауарларды қадағалау тетігі туралы келісімге сәйкес қадағалануға жататын тауарлардың тізбесі Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 21 қаңтардағы № 2 шешімімен бекітілген (ЕЭК Кеңесінің шешіміне қосымша).

Пилоттық жоба шеңберінде қадағалау жүзеге асырылатын тауарлардың тізбесіне сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының (тұрмыстық тоңазытқыштар мен мұздатқыштар) 11 коды енгізілген.

2023 жылғы 1 сәуірден бастап қадағалауға жататын тауарлар бойынша ТІЖ ресімдеу көзделеді.

ЕАЭО кедендік аумағына әкелінген, оларға қатысты қадағалау тетігін енгізу жөніндегі пилоттық жоба шеңберінде қадағалау жүзеге асырылатын тауарлардың тізбесі:

 

ЕЭО СЭ ҚТН коды

Позиция атауы

Қадағалауды жүзеге асыру мақсатында пайдаланылатын сандық өлшем бірлігі

8418 10 200 1

8418 10 800 1

8418 21 100 0

8418 21 510 0

8418 21 590 0

8418 21 910 0

8418 21 990 0

8418 30 200 1

8418 30 800 1

8418 40 200 1

8418 40 800 1

Тұрмыстық тоңазытқыштар мен мұздатқыштар

дана