
Қазақстан Республикасы Премьер - Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің бұйрық жобасымен «Жанама салықтарды төлеу мерзімі өзгертілген және талаптар орындалған тауарлардың импорты кезінде қосылған құн салығынан босатуды қолдану қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 29 наурыздағы № 262 бұйрығына өзгеріс енгізеді.
Өзгерту электрондық сәйкестендіргіштер (навигациялық пломбалар) бойынша нормаларды алып тастау бөлігінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының - Қаржы министрінің 2022 жылғы
24 маусымдағы № 623 бұйрығына сәйкес келтіру мақсатында енгізіледі.
Бұйрық жобасы 2023 жылғы 6 ақпанда (http://legalacts.egov.kz) ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылғанын қосымша атап өтеміз (сілтеме - https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14401223).