
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің «Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» бұйрығының жобасы (бұдан әрі –Бұйрық жобасы) Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Құқықтық мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 29 тамыздағы № 486 қаулысымен бекітілген Құқықтық мониторинг жүргізу қағидаларына сәйкес нормативтік құқықтық актілерге құқықтық мониторингі шеңберінде әзірленді. Бұйрық жобасында мынадай бұйрықтарға өзгеріс енгізілді:
-Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің «Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы заңсыз тасымалданған тауарларға қатысты кеден операцияларын жасау қағидаларын бекіту туралы» 2018 жылғы 8 ақпандағы № 139 бұйрыққа;
-Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің «Габариттері үлкен болғандықтан немесе тиеудің, түсірудің және (немесе) сақтаудың ерекше жағдайларына байланысты кеден қоймасында орналастыруға болмайтын тауарларды кеден қоймалары болып табылмайтын орындарда сақтауға мемлекеттік кірістер органының рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» 2018 жылғы 12 ақпандағы № 162 бұйрық.
Бұйрық жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=14493947 орналастырылған.