Жарияланған күні: 21.04.2023 18:49
Өзгертілген күні: 21.04.2023 18:50

     Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар Ресей Федерациясынан бидай әкелу әрекеттерін  жалғастыруда.

     Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің хабарлауынша, ағымдағы жылдың 21 сәуірінде Қостанай облысы бойынша Шекара қызметі департаментімен  бірлесіп, «Қайрақ» автомобиль өткізу пунктінде жалпы  салмағы 60 тоннадан асатын
бидай әкелудің 2 әрекеті тоқтатылды.

    Әкелу әрекеттері бидайды арпаның жұқа қабатымен жабу арқылы, сондай-ақ тауарлардың барлық партиясы «Арпа» деп мәлімделген  жалған ілеспе  құжаттарды  қолдану  арқылы  жүзеге  асырылмақ болған.

    Мемлекеттік шекарадағы көлеңкелі тауар айналымын анықтау және қысқарту жөніндегі жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі және күшейтілетін  болады.

    Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 10 сәуірдегі №132 бұйрығымен 6 ай мерзімге Қазақстан Республикасының  аумағына  бидай  әкелуге  тыйым  салынғанын  еске салады.