Жарияланған күні: 08.12.2016 17:44
Өзгертілген күні: 08.12.2016 17:48

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ

 

«Эталондық» өткізу пунктінің типтік жобасы әзірленді.

 

2016 жылғы 8 желтоқсандағы ҚР ҚМ МКК «Кеден бекеттерін модернизациялау» тақырыбы бойынша брифинг өткізілді.

ҚР ҚМ МКК Басқарма басшысы Қайрат Үргенішбайұлы Маубаев, осы күнгі ЕЭО сыртқы шекарасындағы автомобиль өткізу пункттерінің инфрақұрылымы негізгі кедендік рәсімдеуге бағытталғанын айтып кетті. Қазіргі уақытта дүниежүзілік сауданы оңайлату және жеңілдету бойынша көптеген жұмыстар жүргізілуде. Қабылданып жатқан жаңа ЕЭО кодексінде кедендік рәсімдеуді жеделдету бөлігіне қатысты көптеген жаңашылдықтар бар. Осыған байланысты шекарадан өту технологиясын қайта құру қажеттілігі туындайды.

Осыған байланысты, қазіргі уақытта Қазақстанның транзиттік-көліктік әлеуетін жоғарылату, СЭҚ қатысушылар үшін қолайлы жағдай туғызу, жемқорлық құқық бұзушылықтың жоятын, сондай-ақ, кедендік және салық төлемдерін толық алынуын қамтамасыз етуге бағытталған жаңа шешім әзірленуде.

Өткізу пункттерін жетілдіру шеңберінде шекара арқылы тауарлардың және көлік құралдарының жедел өткізу үшін, «эталондық» өткізу пунктінің типтік жобасы әзірленді.

Өткізу пункттерін қайта жаңарту интеграциялық бақылау жүйесін, «эталондық» өткізу пунктінің типтік жобасы негізінде өткізу пункттерінен өту прцессін технологиялық қайта құруды болжайды.

Жасалынып отырған шаралар тауарлардың және көлік құралдарының өту уақытын 25 минутқа жеделдетеді және өткізу пунктінің өткізу қабілеттігін жоғарылатады.

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚР Қаржы министрлігінің

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

 (Бейбітшілік 10)