Жарияланған күні: 12.12.2016 18:10
Өзгертілген күні: 12.12.2016 18:33

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

Қазақстанның кеденшілері кеден қызметінің 25 жылдығын атап өтуде

 

Бүгін Қазақстанның кеден органдарының құрылғанына 25 жыл толуына орай салтанатты жиын өтті.

1991 жылғы 12 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Президенті жанында Кеден комитеті құрылды.

Жаңа ведомстваның құрамына 12 кедендік бекеті бар 6 кеден кірді. Жеке құрамның саны 3 мыңдай адам болды.

Ел тәуелсіздігінің 25 жылында Қазақстанның кеден органдары үлкен даму жолын бастан кешті.

Бүгін кеден қызметі мемлекеттік кірістер органдарының құрамдас бөлігі болып табылды.

Қазақстан Республикасының қаржы вице-министрі Ардақ Теңгебаев салтанатты жиынды ашқанда Қазақстан аумағындағы кеден қызметінің тарихы тереңде – ежелгі түркілер заманында жатқандығын атап өтті. Кеден ісінің қалыптасуы Ұлы Жібек жолы маршруттарында сауданың дамуымен тығыз байланысты.

«Сондықтан да, кеден ісін ата кәсібіміздің бірі деп айта аламыз!», - деді қаржы вице-министрі.

А.Теңгебаев кез-келген мемлекеттік органның бірінші кезекте адамдар екендігін баса айтты. Ол кеденнің қызметкерлері мен ардагерлерін, сондай-ақ түрлі уақытта кеден қызметін басқарған залда отырған басшыларды құттықтады.

Салтанатты жиынға кеден органдарының бұрынғы басшылары Ғани Қасымов, Маратқали Нүкенов, Қозы-Көрпеш Қарбұзов қатысты.

Бердібек Сапарбаев өзінің бұрынғы әріптестерін бейнежолдау арқылы құттықтады.

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Госман Амрин өз сөзінде Қазақстан кеденінің әрбір бұрынғы басшысының қызметтің тұрақтануына қосқан үлестеріне тоқталды.

Г.Амрин Қазақстанның 25 жыл тәуелсіздігінде кеденнің қол жеткізген табыстары туралы айтып берді. Ақпараттық, техникалық және кадрлық қамтамасыз ету, сондай-ақ кеден саласындағы халықаралық ынтымақтастық туралы.

Ол кеденнің интерграциялық процестердегі бастауыш рөлін атап өтті.

«Қазақстан Республикасының кеден қызметі өзінің 25 жылдық жұмысы барысында айтарлықтай жетістіктерге жетіп, кеңестік одақтан кейінгі аумақта маңызды рөл атқарады», - деп сөзін тәмәмдады ҚР ҚМ МКК төрағасының орынбасары.

Шараның қонағы ретінде залда кеден органдарында 25 жылдан астам уақыт қызмет еткен кеденшілер де болды.

 

ҚР Қаржы министрлігінің

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

 (Бейбітшілік 10)