
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
Мемлекеттік кірістер комитетінің қызметкерлері марапатталды
2016 жылғы 14 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігініңі ғимаратында салтанатты жиын өтті. Онда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің қызметкерлері марапатталды.
Жұмысында жоғары нәтижелерге қол жеткізген қызметкерлерге «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медальдар, Қаржы министрлігі мен Мемлекеттік кірістер комитетінің грамоталары мен алғыс хаттары тапсырылды.
ҚР ҚМ МКК Экономикалық тергеу қызметі офицерлеріне кезектен тыс атақтар берілді.
Оған қоса, мемлекеттік кірістер органдарының ардагерлері де наградалар алды.
Салтанатты жиындар мемлекеттік кірістер органдарының барлық аумақтық бөлімшелерінде өтті. Онда қызметкерлер мен ардагерлер марапатталды.
ҚР Қаржы министрлігінің
Мемлекеттік кірістер комитетінің
Баспасөз қызметі
(Бейбітшілік 10)