Жарияланған күні: 21.12.2016 16:53
Өзгертілген күні: 21.12.2016 16:55

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

Заңсыз есірткі айналымына қарсы тұру қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мемлекет дамуының аса маңызды факторы болып табылады. Бүгінде есірткі және онымен байланысты қылмыстардың мәселелерін шешпейтін мемлекеттердің саясаты сәтсіздікке ұшырайтыны ешкімде күмән тудырмайды. 

Есірткі құралдарының заңсыз айналымымен күрес кезінде құқық қорғау қызметін ұйымдастыруда кинологиялық қызметке көп көңіл бөлінеді. Комитеттің республикалық базасында сондай-ақ өңірлік тәлімбақтарда қызметтік іздестіру иттерін пайдалану, көбейту және оларды оқыту, есірткінің ғана емес, қару, жарылғыш заттар мен валютаның, сондай-ақ басқа да тыйым салынған және әкелуге/әкетуге шектелген заттардың заңсыз айналымына қарсы күрес тиімділігін арттырады. Қызметтік-іздестіру иттерін қолдана отырып, есірткі құралдары мен психотроптық заттардың заңсыз айналымы анықталған фактілерінің жалпы саны 2016 жылы 60% - ды құрайды .

2013-2015ж.г. кезеңінде Қазақстан кеден қызметінің кинолог-мамандары қызметтік иттермен мамандар Қазақстан, Қырғызстан Республикасы, Әзірбайжан Республикасының халықаралық жарыстарында жеке есепте жалпы командалық бірінші орынды иеленіп, үздік деп танылды.

Кинологиялық орталығының басты мақсаты – Қазақстан Республикасының кеден мен арнайы және құқық қорғау органдары үшін, есірткі құралдары, жарылғыш заттар, қаруды, валютамен дериваттарды іздеу бойынша кинологтар мен қызметтік иттерін дайындау болып табылады.

Кинологиялық орталығының қызмет ету кезеңінде ол жерде келесі ведомствалардың 850 кинологтары оқытылды:

• Қазақстан Республикасының Кеден қызметі;

• ҚР арнайы қызметтері (СОП, Арыстан);

• ҚР Әскери полициясы;

• ҚР Ішкі істер министрлігі;

• Алматы қ. Халықаралық әуежайының әуе қорғанысы қызметі;

• Қырғыз Республикасының Кедені мен ІІМ;

• Тәжікстан құқық қорғау органдары;

• Ауғанстан Полициясы;

• Моңғолия Кедені;

• Түркменстан құқық қорғау органдары;

• Өзбекстан шекара және Кеден қызметтері

Кинологиялық орталықтың курсанттарын даярлау деңгейі үнемі жоғары болып қалып отыр, мұны ҚР ҚМ МКК Кинологиялық орталығына келген еуропалық кинологиялық мектептердің ұстаздары да, сондай-ақ түлектеріміздің есірткіні көп мөлшерде ұстап жатқаны да растауда.

Бірінші Президент мұражайына баратын азаматтар мен Астана қонақтарының Комитеттің Кинологиялық қызметінің тарихын оның жұмысын таныстырумен қызығушылығын қалыптастыру мақсатында, мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қызметтердің бірі ретінде, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығын мерекелеу қарсаңында, Тұңғыш Президенті күні және ҚР ҚМ МКК Кинологиялық орталығының құрылғанына 15-жылдығына орай,  2016 жылғы 13 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетнің Кинологиялық орталығымен халықаралық жарыстарда жеңіп алынған кубоктар, медальдарды, кинология бойынша естелік кәдесыйларды, Комитеттің кинология қызметі жұмысының тарихынан сыр шертетін маңызды оқиғаларының фотосуреттерін Тұңғыш Президенті мұражайына тапсыруының салтанатты рәсімі өткізілді.

Сонымен бірге шараның салтанатты бөлімінде құрметті қонақтар ретінде ҚР-дағы АҚШ Елшілігінің, ЕҚЫҰ-ның, РҚБ «Генералдар кеңесінің», РҚБ «Қазақстан биоалуантүрлілігін сақтау ассоциациясының» Төрағалары, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары Академиясының, ҚР ҰҚК «Арыстан» қызметі, МКҚ, ҚР ҰҚК ШҚ, ҚР ІІМ-нің өкілдері қатысты.

Жоғарыда аталған шараның өту барысында Кинологиялық орталығының қонақтары Орталықтың оқу және материалды-техникалық жабдықтарымен танысып, оларға қызметтік иттерді қолдана отырып көрсетілімдер қойылды.

 

 

ҚР ҚМ МКК КИНОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ