Жарияланған күні: 04.07.2023 14:43
Өзгертілген күні: 04.07.2023 14:47

22.06.2023 жылы Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Қазығұрт» кеден бекетінде Қазақстан Республикасынан Өзбекстан Республикасына бағытталған «IVECO» маркалы жүк көлігін кедендік тексеру барысында алып бара жатқан тауарының салмағында сәйкессіздіктер анықталған.

Кедендік тексеру барысында тауарға ілеспе құжаттарында көрсетілген деректермен тауардың нақты салмағында айырмашылық анықталған.

Нәтижесінде экспорт декларациясында көрсетілген 8000 кг ірі қара мал еті өнімінен бөлек, артық 6000 кг ірі қара мал еті артылғаны анықталды.

Осы факт негізінде, тиісті тұлға ҚР ӘҚБтК-нің 551-бабы бойынша әкімшілік жауапкешілікке тартылып, 172 500 тенге айыппұл салынып, жинақталған құжаттар ветеринарлық қызметке тапсырылды.

                                                                                                                                                

                                                               

                                                     ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі