Жарияланған күні: 04.07.2023 16:25
Өзгертілген күні: 04.07.2023 16:26

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі-Комитет) ЭШФ АЖ порталының жұмысына қатысты төмендегіні хабарлайды.

Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 412-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына және тауарларға және олардың құжат айналымына ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу қағидаларының 64, 65-тармақтарына сәйкес "электрондық шот-фактуралар" ақпараттық жүйесінің серверлік жабдықтарындағы техникалық проблемаларға байланысты (Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 26 желтоқсан № 1424) 2023 жылғы 4 және 5 шілдеде "электрондық шот-фактуралар" ақпараттық жүйесінде шот-фактураларды жазып беру және тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу мүмкіндігі жоқ туралы хабардар етеміз.

Қажет болған жағдайда салық төлеушілер қағаз жеткізгіште құқылы:

2023 жылғы 5 шілдеден кейін 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде ЭШФ АЖ енгізе отырып, шот-фактура жазып беруге;

2023 жылғы 5 шілдеден кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде ЭШФ АЖ енгізе отырып, тауарларға ілеспе жүкқұжат ресімдеуге.

Бұл ретте айыппұл санкциялары қолданылмайды.

Мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері автомобиль өткізу пункттерінде ЕАЭО елдерімен Мемлекеттік шекараны кесіп өткен кезде, көрсетілген кезеңде ЭШФ АЖ ТІЖ болуы туралы талаптар қоймайды.