
Құрметті салық төлеушілер!
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті бүгінгі күні ЭШФ АЖ-да аутентификацияның екі әдісі (ағымдағы және жаңа) қолдау көрсетілетінін Сіздің назарыңызға жеткізеді.
Өзгертілген (жаңа) аутентификация әдісі өнімді https://esf.gov.kz:8443 және тесттік https://test3.esf.kgd.gov.kz:8443 ЭШФ АЖ серверлерінде қол жетімді.
Ағымдағы аутентификация әдісін қолдау мерзімі 2023 жылғы 25 қарашаға дейін ұзартылды.
ҚР ҰКО ҚР СТ МЕМСТ Р 34.10-2015 криптографиялық стандартына көшуіне және RSA алгоритмінде аутентификация кілтінен бас тартуына байланысты 2023 жылғы 25 қарашаға дейінгі мерзімде ЭШФ АЖ-ға қол жеткізу мақсатында осы өзгерістерді өзінің есепке алу жүйелерінде алдын ала ескеру қажет екенін естеріңізге саламыз.