Жарияланған күні: 08.08.2023 18:51
Өзгертілген күні: 08.08.2023 18:52

      «Құпия ақпарат болып табылмайтын өлшемшарттар бойынша тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 20 ақпандағы № 252 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің бұйрығы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 137-бабы 3-тармағына сәйкес әзірленді.

     "Cалық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі – Салық кодексі) 137-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік кірістер органдарының құпия ақпарат болып табылмайтын өлшемшарттар бойынша тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану тәртібін айқындайды.

     Бұйрық жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларға әкеп соқтырмайды.

     Бұл жоба нормативтік құқықтық актілердің ашық интернет-порталында http://legalacts.egov.kz 2023 жылдың 07 тамызда орналастырылған.

     Жобаны жариялы талқылау мерзімі – 2023 жылдың 21 тамызға дейін.