Жарияланған күні: 11.08.2023 15:32
Өзгертілген күні: 11.08.2023 15:34

2023 жылғы 14 тамызда Мемлекеттік кірістер органдарының құрылған күнін мерекелеу күніне орай аумақтық мемлекеттік кірістер органдары арасында республикалық конкурстың жеңімпаздарын марапаттау салтанатты іс-шарасы өтеді.

Үздік аумақтық департаменттер мен басқармалар 2022 жылдың қорытындысы бойынша жоғары көрсеткіштерге қол жеткізгені және мемлекеттік бюджетке салықтардың түсуін қамтамасыз еткені үшін, сондай-ақ салықтық және кедендік әкімшілендіруді сапалы жүргізгені үшін түрлі номинациялар бойынша статуэткалар мен дипломдармен марапатталатын болады.

Келесі номинациялар бойынша жеңімпаздар марапатталады:

 

1)    акциздерді әкімшілендіру;

2)    қосылған құн салығын әкімшілендіру;

3)    ЕАЭО аясында ҚҚС әкімшілендіру;

4)    камералдық мониторинг;

5)    заңды сүйемелдеу;

6)    кедендік әкімшілендіру;

7)    кеден бекеті/КРО;

8)    үздік байланыс орталығы және түсіндіру жұмысы;

9)    жеке шоттардың есебі;

10)           тарифтік реттеу;

11)           ақпараттық технологиялар;

12)           кадрлық қамтамасыз ету;

13)           салықтық аудит;

14)           берешекпен жұмыс жасау;

15)           өндірістік емес төлемдерді әкімшілендіру;

16)           үздік қызмет көрсету орталығы.