Жарияланған күні: 14.08.2023 18:16
Өзгертілген күні: 15.08.2023 11:55
Сіздерді Мемлекеттік кірістер комитетінің құрылған күнімен құттықтаймын!
Тоғыз жыл бойы заңнаманы және салық-кедендік әкімшілендіруді жетілдіру бойынша үлкен жұмыстар атқарылуда.
Уақыт талабына сай цифрлық шешімдер енгізіліп, мемлекеттік қызметтердің сапасы жақсарып, қоғам тарапынан үлкен сенім жүктелуде.
Осының барлығы бюджетке төленетін төлемдердің толықтығы мен уақтылығын  әрі елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өте маңызды.
Қолда бар жетістіктер Мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің үйлесімді және кәсіби жұмысының арқасында қалыптасты.
Сіздердің әлеуеттеріңізді ескере отырып, ведомство алдында тұрған басым міндеттер сапалы орындалады деп сеніммен айтуға болады.
Сіздерге қызметте сәттілік, зор денсаулық және отбасылық амандық тілеймін!
Еліміздің дамуына қосқан үлестеріңіз үшін алғыс білдіремін!
 
Ізгі тілекпен,
Қазақстан Республикасы Премьер - Министрдің орынбасары – Қаржы министрі
Е.Жамаубаев.