Жарияланған күні: 05.09.2023 15:57
Өзгертілген күні: 05.09.2023 15:59

Жоба Салықтық және кедендік әкімшілендіру шараларын бірлесіп жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының шеңберінде Қазақстан салық төлеушілер қауымдастығымен, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және бизнес қауымдастығымен бірлесіп қабылданған қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару рәсімдерін жетілдіру бойынша ұсыныстар мен ескертулерді іске асыру шеңберінде әзірленді.

Жобаны іске асыруда республикалық бюджеттен қаржы қаражатын бөлуді талап етпейді.

Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.

Іске асырудың мақсаты, растауға жататын қосылған құн салығының асып кеткен сомасын анықтау, «Пирамида» талдамалық есебін қалыптастыру шарты, «Пирамида» талдамалық есебінде табылған бұзушылықтар бойынша шаралар қолдануға сұрау салуды жіберу мерзімдерін қысқарту.

Жоба Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкес келеді.

Жоба 2023 жылғы 25 тамызда Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған (http://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14686522).

Бұйрық жобасы қоғамдық талқылауды өткізу мерзімі 2023 жылғы 12 қыркуйек.