
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес келтіру мақсатында «Толысылған шарап (шарап материалын) және сыра қайнату өнімдерін қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалау (қайта таңбалау) қағидаларын, сондай-ақ есепке алу-бақылау маркаларының нысанын, мазмұнын және қорғау элементтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 143 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі бұйрығының жобасын әзірледі.
Қазақстан Республикасының «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 9-бабының 2-тармағына сәйкес, қаңылтыр ыдыста күштілігі он екі пайыздан төмен әлсіз градусты ликер-арақ өнімдерінің айналымы рұқсат етіледі. Сонымен бірге, Қазақстан Республикасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексі)
172-бабы 15-тармағының 2-тармағына сәйкес, толысылған шарапты және сыра қайнату өнімін қоспағанда, алкоголь өнімі – есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалануға жатады. Бұл жағдайда, есепке алу-бақылау маркаларымен қаңылтыр ыдысына (метал банкаға) таңбалау кезінде қайта пайдалануды болдырмау мақсатында тұтыну ыдысын ашқан кезде есепке алу-бақылау маркасының тұтастығы бұзылуы мүмкін емес, сол себепте өзгеріс енгізілді. Сондай-ақ Салық кодексінің 172-бабы 15-тармағының 1) тармақшасына сәйкес келтіру, оған сәйкес «шарап материалы» деген сөз алынып тасталды.
Осы бұйрық 2023 жылғы 9 қазанда ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына орналастырылған: https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=14743132.