
Құрметті ҚР ҚМ МКК АЖ пайдаланушылары!
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі-Комитет) 2023 жылғы 22 қазанда Астана қаласы уақыты бойынша сағат 9:00-ден 11:00-ге дейін Комитетте «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ жабдықтарында профилактикалық жұмыстар жүргізілетінін сіздің назарыңызға жеткізеді.
Осыған байланысты, көрсетілген уақытта «Салық төлеушінің кабинеті» және «ЭҮШ» және «ЭҮТШ» арқылы ҚР басқа мемлекеттік органдарымен интеграцияларының қысқа мерзімді қолжетімсіздігі мүмкін.
Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.