Жарияланған күні: 23.10.2023 16:21
Өзгертілген күні: 23.10.2023 16:23

         2023 жылғы 09-20 қазан аралығында Оқу – әдістемелік орталығы (ОӘО) 1 (бір) жылға дейінгі жұмыс өтілі бар және кәсіби даярлау курстарынан өтпеген мемлекеттік кірістер органдарына алғашқы рет қабылданған қызметкерлер үшін қашықтықтан кәсіби даярлау курсын өткізді.

         Іс – шараның мақсаты - салық пен кедендік және өзге де әкімшілендіру саласында мемлекеттік кірістер органдарының алғаш қабылданған             қызметкерлерінің кәсіби дағдыларын қалыптастыру.   
        Курсқа тыңдаушылар ретінде аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері қатысты.
        Қашықтықтан оқыту курсында қатысушылар бағдарламаға сәйкес салықтық және кедендік әкімшілендіру, сондай-ақ басқа да заңнамалар  бойынша 22 тақырыпты зерделеді.

        Дәріскерлер ретінде ОӘО оқытушылар құрамы қатысты.
        Ағымдағы жылдың 20 қазанында курс тыңдаушылары кәсіби даярлау бойынша қорытынды білім деңгейін анықтады.
        Қорытындысында 148 қатысушыға курсты табысты аяқтағаны туралы электронды куәліктер табысталды.