- Аймақтар бойынша департаменттер
- Астана
- Алматы
- Ұлытау облысы
- Жетісу облысы
- Шымкент
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Манғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
Жарияланған күні: 18.10.2016 10:44
Өзгертілген күні: 21.04.2025 15:48
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу-әдістемелік орталығы туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу-әдістемелік орталығы (бұдан әрі – Оқу-әдістемелік орталығы), мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлерін даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі функцияларды орындауға уәкілетті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің (бұдан әрі – Комитет) мамандандырылған мемлекеттік мекемесі болып табылады.
2. Оқу-әдістемелік орталығы өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, өзге нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Оқу-әдістемелік орталығы республикалық мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, қазақ тілінде өз атауымен мөрлері және мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Оқу-әдістемелік орталығы өз атынан азаматтық-құқықтық қарым-қатынастарға түседі.
5. Оқу-әдістемелік орталығы, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оған уәкілеттік берілсе, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қарым-қатынастардың тарапы ретінде түсуге құқығы бар.
6. Оқу-әдістемелік орталығы өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Оқу-әдістемелік орталығы басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілерімен ресімделетін шешімдерді қабылдайды.
7. Оқу-әдістемелік орталығының құрылымын және штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
8. Оқу-әдістемелік орталығының орналасқан жері: пошта индексі 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Республика даңғылы, 60.
9. Оқу-әдістемелік орталығының толық атауы: "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу-әдістемелік орталығы" Республикалық мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже Оқу-әдістемелік орталығының құрылтай құжаты болып табылады.
11. Оқу-әдістемелік орталығының қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Оқу-әдістемелік орталығына Комитет өкiлеттіктерi болып табылатын міндеттерді орындау мәніне кәсіпкерлік субъектілермен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Оқу-әдістемелік орталығына заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кіріс мемлекеттік бюджетке жолданады.
2-тарау. Оқу-әдістемелік орталығының міндеттері, құқықтары мен міндеттемелері
13. Міндеттері:
1) мемлекеттік кірістер органдарының жаңадан қабылданған қызметкерлерді даярлау оқыту процесін олардың кәсіби білімі мен дағдыларын алу мақсатында ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
2) халықаралық стандарттарға сәйкес мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлерін қайта даярлау және біліктілігін арттыру;
3) мемлекеттік кірістер органдарының зияткерлік, мәдени және адамгершілік дамуымен білікті кадрлармен қажеттілігін қанағаттандыру, Қазақстан Республикасының кеден, салық және өзге заңнамалары саласында дағдыларға ие болу;
4) кәсіби даярлаудың мемлекеттік және халықаралық білім беру стандарттарын оқу процесі барысында игеру және іске асыру;
5) мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің кәсіпқойлығын арттыру мақсатында білімді тарату және беру;
6) Дүниежүзілік кеден ұйымына (бұдан әрі – ДКҰ) мүше мемлекеттердің кеден қызметі бойынша мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлерін оқыту бойынша халықаралық ынтымақтастықты және өзара іс-қимылды дамыту;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді орындау.
14. Оқу-әдістемелік орталығының құқықтары және міндеттемелері:
1) құқықтары:
Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттерінің кеден, салық және өзге заңнамасын қолдану практикасын талдау және қорытындылау, сондай-ақ кеден және салық заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;
өз құзыреті шегінде мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлерін даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру мәселелері бойынша мемлекеттік және өзге органдарымен, сондай-ақ шет мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың құзыретті органдарымен өзара іс-қимыл жасау;
ұйымдастыру құрылымы, Оқу-әдістемелік орталығы қызметкерлерінің жұмысын ұйымдастыру мен еңбегін ынталандыру нысанын айқындау бойынша ұсыныстар әзірлеу;
Оқу-әдістемелік орталығының қызметкерлерін қызметтік іссапарларға жіберу;
құзыреті шегінде басқа да оқу орындарымен, Қазақстан Республикасының және басқа да мемлекеттердің мекемелерімен мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерін даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау;
Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру;
2) міндеттемелер:
материалдық-техникалық және әлеуметтік базаны дамыту;
мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлерін даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;
Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте талдау, оқу және баспа қызметін жүзеге асыру;
мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлерін жоғары деңгейде оқытуды, қайта оқытуды жүзеге асыру;
сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды дербес анықтау, жолын кесу, ескерту бойынша жұмыстар жүргізу;
Оқу-әдістемелік орталығында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған іс-шараларды жүргізу;
Оқу-әдістемелік орталығы қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды тұрақты негізде қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де міндеттемелерді жүзеге асыру.
15. Функциялар:
1) мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлерін даярлауды, қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
2) оқыту сапасын ұдайы жақсарту, оқу процесін ұйымдастыру нысандары мен әдістерін жетілдіру негізінде мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлерін даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыруды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
3) Қазақстан Республикасының кеден, салық және өзге заңнама саласында мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлерін оқыту процесін ұйымдастыру;
4) Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органдарының жаңадан қабылданған лауазымды адамдарын, олардың алғашқы кәсіби білім мен дағдыларды алуы мақсатында кәсіби бейімделуінің оқыту процесін ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
5) даярлаудан (қайта даярлау) өткен тыңдаушылардың кәсіби білім деңгейін кешенді бағалау, одан әрі оқыту процесінде пайдалану үшін ұсынымдарды талдау және әзірлеу;
6) электрондық кітапхананы дамыту және оның қорын шетел мемлекеттердің кеден, салық және өзге заңнама саласындағы нормативтік құқықтық актілерімен, оқу-әдістемелік әдебиеттерімен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының және ДКҰ мүше шетел мемлекеттерінің мерзімді әдебиеттерімен толықтыру;
7) бөлінген бюджет қаражаты шеңберінде семинарлар, конференциялар, кеңестер ұйымдастыру және өткізу;
8) жұмыс оқу бағдарламаларын және жұмыс оқу жоспарларын әзірлеу және бекіту;
9) оқу процесіне жаңа технологияларды енгізу;
10) мемлекеттік кірістер органдарының кадрларын дайындау және арттыру бойынша халықаралық тәжірибені пайдалану;
11) ДКҰ Еуропа өңірі мемлекеттерінің кеден қызметтері өкілдерінің қатысуымен халықаралық семинарлар мен курстар өткізу;
12) оқу материалдық-техникалық және әлеуметтік-тұрмыстық базасын дамыту және жетілдіру;
13) мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлерін қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру және өткізу;
14) Комитет қызметінің өзекті бағыттары бойынша талдау жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;
15) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
3-тарау. Оқу-әдістемелік орталығы басшысының оның қызметін ұйымдастыру кезіндегі мәртебесі мен өкілеттіктері
16. Оқу-әдістемелік орталығына жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы Оқу-әдістемелік орталығына басшылықты жүзеге асырады.
17. Оқу-әдістемелік орталығының басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
18. Оқу-әдістемелік орталығы басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымынан босатылатын орынбасарлары болады.
19. Оқу-әдістемелік орталығы басшысының өкілеттіктері:
1) Оқу-әдістемелік орталығы өз орынбасарларының, бөлім басшылары мен қызметкерлерінің міндеттемелері мен өкілеттіктерін айқындайды;
2) Оқу-әдістемелік орталығының қызметкерлері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және және лауазымынан босаталады;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тәртіптік жауапкершілік шаралары қолданылады;
4) Оқу-әдістемелік орталығы құрылымдық бөлімшелерінің ережелерін бекітеді;
5) Оқу-әдістемелік орталығы штат саны лимитінің шегінде Оқу-әдістемелік орталығының штаттық кестесін бекітеді;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Оқу-әдістемелік орталығы басшысының орынбасарларын, қызметкерлерін іссапарға жіберу, еңбек демалысын ұсыну, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілікті арттыру, көтермелеу, үстемеақы және сыйақы төлеу мәселелерін шешеді;
7) құзыреті шегінде жеке сипаттағы құқықтық актілеріне қол қояды;
8) Оқу-әдістемелік орталығын барлық мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда білдіреді;
9) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша дербес жауапты болады;
10) Комитетке ұсынатын ақпараттың анықтығы үшін дербес жауапты болады;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Оқу-әдістемелік орталығының басшысы жоқ болған кезеңде оның өкілеттіктерін атқаруды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.
20. Оқу-әдістемелік орталығының басшысы қолданыстағы заңнамасына сәйкес өз орынбасарларының өкілеттіктерін айқындайды.
4-тарау. Оқу-әдістемелік орталығының мүлкі
21. Оқу-әдістемелік орталығы заңнамасында көзделген жағдайларда оқшауланған мүлкті жедел басқару құқығы болуы мүмкін.
Оқу-әдістемелік орталығының мүлкі, оның меншігіне берілген, сондай-ақ меншіктік қызметтері нәтижесінде және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздерден алынған мүліктер есебінен (ақша кірістерін қоса алғанда) қалыптастырылады.
22. Оқу-әдістемелік орталығының бекітілген мүлік республика меншігіне жатады.
23. Оқу-әдістемелік орталығының өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша берілген құралдар есебінен алынған мүлікті, егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, дербес иеліктен шығаруға немесе өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5-тарау. Оқу-әдістемелік орталығын қайта ұйымдастыру және тарату
24. Оқу-әдістемелік орталығын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.