
Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Жандос Дүйсембиев мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлерін Ұлттық валютасы -теңге күнімен құттықтап, мереке құрметіне МКК қызметкерлерін «Қаржы қызметінің үздігі» төсбелгісімен, «Теңгеге 30 жыл» мерейтойлық медалімен, Қаржы министрінің құрмет грамотасымен марапаттады.
Сондай-ақ, цифрландыру күнін мерекелеу құрметіне еліміздің мемлекеттік секторында цифрландыруды дамытуға қосқан үлесі үшін Мемлекеттік кірістер комитетінің қызметкерлері Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің құрмет грамотасымен марапатталды.
Жандос Дүйсембиев, мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлерін жұмысқа қосқан елеулі үлесі үшін алғысын білдірді.
Мына қызметкерлер марапатталды!
1. Абзалбек Гүлмира Сүндетбайқызы – Заң басқармасы басшысының орынбасары
2. Темірбекова Әсел Төлеуқұлқызы - Өндірістік емес төлемдерді, жеке тұлғаларды және арнаулы салық режимдерін әкімшілендіру департаментінің бас сарапшысы
3. Суханбердина Бахтыгүл Хамзақызы - Әкімшілендіру департаментінің бас сарапшысы
4. Сибагатов Нурлыбай Маиланович - Бас диспетчерлік басқармасы басшысы.
Әріптестерімізді марапаттарымен құттықтаймыз!