Жарияланған күні: 13.12.2023 10:38
Өзгертілген күні: 13.12.2023 10:42

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының Ұлттық банкімен бірлесіп, 2023 жылғы 12-15 желтоқсан кезеңінде «Мемлекеттік кірістер комитетіне резиденттердің ұлттық және (немесе) шетел валютасын репатриациялау бойынша талаптарды орындауы бөлігінде, валюталық бақылаудың жекелеген функцияларын беру мәселелері» тақырыбында оқыту семинарын өткізеді.

      Аталған семинарда Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қызметкерлерін валюталық реттеу және валюталық заңнама, уәкілетті банктермен өзара іс-қимыл, әкімшілік істерді жүргізу, құқық қорғау органдарына беру, Ұлттық банктің ақпаратық жүйесін пайдалану мәселелері бойынша оқыту жоспарлануда.

       2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті валюталық бақылау органдарының біріне айналады.

      Бұл бағытта көптеген жұмыстар атқарылды, атап айтқанда, мынадай заңнамалық актілерге:

      - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне валюталық бақылау функцияларын және оның құзыреттерін, оның ішінде тексерулерді жүзеге асыруды беру бөлігінде, «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына;

     - валюталық кірістерді репатриациялау бөлігінде валюталық заңнаманы бұзғаны үшін адамдарды жауаптылыққа тарту функциясын беру бөлігінде, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне;

     - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне валюталық бақылауды жүзеге асыру функцияларын беру бөлігінде, «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына;

     - Валюталық реттеу мәселелері бойынша Мемлекеттік кірістер комитетінің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларына реттеушілік әсерді талдау рәсімін таратпау бөлігінде Кәсіпкерлік кодекске өзгерістер енгізілді;

     - Қазақстан Республикасының Ұлттық банкімен Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асырудың бірлескен қағидалары бекітілді;

     - экспорттық-импорттық операциялар бойынша валюталық репатриациялау мониторингін жүзеге асыру функциясын беру бөлігінде, «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді;

    - қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінде Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің «Есептік нөмірді алу тәртібін бұзу», «Ақпарттарды және (немесе) құжаттарды ұсынубау немесе белгiленген мерзiмдi бұза отырып ұсыну» және «Ұлттық және (немесе) шетел валютасын репатриациялау талаптарын орындамау» 244, 244-1 және 251-баптарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі түзетулер  қаралуда.

      Семинар барысында Ұлттық банк қызметкерлері, оның ішінде валюталық бақылау органы ретінде Мемлекеттік кірістер комитеті үшін валюталық реттеу мен бақылаудың, осы саладағы ұлттық заңнаманың негізгі тақырыптарын, сондай-ақ валюталық бақылау нысандарын ашады.

      Сондай-ақ, Ұлттық банк пен Мемлекеттік кірістер комитетінің валюталық бақылау саласындағы өкілеттіктерінің заңнамалық ара-жігін ажырату мәселелері қаралатын болады. Болжалды бұзушылықтар бойынша ақпаратты өңдеу кезіндегі өзара іс-қимыл. Мемлекеттік кірістер комитетінің валюталық бақылау шеңберіндегі өкілеттіктері.

       Ұлттық және (немесе) шетел валютасының репатриациялауды бақылау. Практикада экспорттық немесе импорттық шарттар бойынша құжаттамалық тексерулерді және валюталық бақылаудың өзге де нысандарын жүзеге асыру.

       Ұлттық және (немесе) шетел валютасын репатриациялау жөніндегі талаптарды, сондай-ақ валюталық мәселелер бойынша ақпарат пен растайтын құжаттарды ұсыну, оның ішінде құқық қорғау органдарына беру мерзімдерін бұзғаны үшін жауаптылыққа тарту практикасы.

       Сонымен қатар, процестерді автоматтандыру бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде, Кеден АЖ-ға одан әрі интеграциялау мәселесі де қарастырылады.