Жарияланған күні: 13.12.2023 16:03
Өзгертілген күні: 13.12.2023 16:05

       2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап «кіру» декларациясын мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілген адамдар, сондай-ақ олардың жұбайлары – шамамен 580 мың жеке тұлға тапсырған.

      Екінші кезеңде, ағымдағы жылы, квазимемлекеттік сектордың мемлекеттік мекемелерінің қызметкерлері, сондай-ақ олардың жұбайлары - шамамен 2,1 миллион адамды құрады.

      Үшінші кезеңде 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап декларацияны заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары), жеке кәсіпкерлердің басшылары, сондай-ақ олардың жұбайлары (зайыбы) тапсырады. Шамамен 3,9 миллион адам жоспарланған.

     Төртінші кезеңде 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап азаматтардың басқа санаттары (мысалы, жеке құрылымдардың қызметкерлері, зейнеткерлер, үй шаруасындағы әйелдер, студенттер және т.б.) тапсыратын болады. Бұл - 6,9 миллион адам.

     2025 жылы 13 миллионнан астам жеке тұлғаны қамту жоспарлануда.

     Келесі жылы бизнесмендер жеке мүліктерін жариялауы керек. Бұл жеке кәсіпкерлер, бірінші басшылар, құрылтайшылар, заңды тұлғалардың қатысушылары.

     Жұмыс істемей тұрған және жұмысын тоқтатқан кәсіпкерлер де декларация тапсыруы керек.

      Алайда, филиалдар мен өкілдіктердің басшылары заңды тұлға болып табылмайтындықтан, декларация тапсыруға міндетті емес.