Жарияланған күні: 20.02.2017 16:29
Өзгертілген күні: 20.02.2017 16:31

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

«ЭКСПО-2017» қарсаңында

 

«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі қарсаңында кәсіби жабдықтар және басқа да санаттағы тауарларды шекарадан өткізу үшін жеделдетіп тіркеу бойынша сұрақ көп қойылды.

Карнет АТА - кедендік декларация деп танылатын, тауарды бажсыз әкелуге, сондай-ақ әкелінетін тауарларды уақытша теңдестіруге мүмкіндік беретін және әкелінетін кедендік бажды, салық пен алымды төлеу бойынша қолданыстағы қаржылық кепілдіктің халықаралық үндеуіне кіргізілген халықаралық стандартты кедендік құжат. Карнет АТА СЭҚ қатысушыларына кедендік рәсімдеу уақытын қысқартуға, кедендік төлемдерге және тіркеуге қатысты шығындарды қысқартуға мүмкіндік береді.

Карнет АТА бойынша процедуралары Қазақстан Республикасында тұңғыш рет қолданылып жатқандығын ескере отырып, бірінші кезекте мемлекеттік кірістер мекемелерінде жұмыс жасайтын кедендік рәсімдеу мен кедендік бақылауды жүзеге асыратын қызметкерлерді оқытуға көңіл бөлінетін болады. Карнеттерді рәсімдеу және шығару жайында көптеген сұрақтар туындап жатыр.

Осыған орай, 2016 жылдың шілде айында халықаралық сарапшылар  шақыруымен «Уақытша әкелуге байланысты Стамбул конвенциясын пайдалана отыра халықаралық тәжірибені зерттеу» тақырыбында халықаралық семинар өткізілді. Швейцария федералдық кеден әкімшілігі, халықаралық мекемелер өкілдері, Сыртқы сауда палатасы басқа мемлекеттерде карнеттерді рәсімдеу бойынша практикалық тәжірибелерімен бөлісті.

Карнет АТА маңыздылығын ескере отырып, Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Мемлекеттік Кірістер Комитеті және Астана қаласы Мемлекеттік Кірістер Департаментінің қызметкерлері Швейцария және Чехия мемлекеттеріне зерттеу мәселесімен іссапарға аттандырылды. Олардың ұйымдастырылуымен 6 және 10 ақпан аралығында ҚР ҚМ МКК Оқу-әдістемелік орталығының базасында «Карнет АТА-ны практикада қолдану және оны толтыру нұсқасы». Оқытушылар ретінде: Т.А. Серғазиев - ҚР ҚМ МКК КБД бас сарапшысы,  Р.А. Асхатов - кедендік бақылау басқармасының басшысы, Е.А.   Қанафин- «Астана - кедендiк рәсімдеу  орталығының» басшысы, Н.Н. Сукуров -  Сыртқы сауда палатасының ресми өкілі қатысты.

Вебинар қатысушыларына ҚР ҚМ МКК ОӘО қашықтық оқыту порталында дәрістер және презентацияларды өздігінен оқуға мүмкіндіктер қарастырылды. Вебинар қатысушыларынан базалық деңгейін анықтау мақсатында 20 сұрақтан құралатын алдын ала тестілеу жүргізілді. Нәтижеге сүйенсек, қатысушылардың 78%-ы Карнет АТА тематикасымен таныс екені анықталды.

Электрондық пошта арқылы өздігінен оқып-үйрену барысында қатысушылардан оқытушыларға сұрақтар қойылды. 2017 жылдың 10 ақпанында Polycom жабдығы арқылы бейнеконференция өтті. Лекторлар Қазақстан Республикасы жаңадан қосылған Стамбул Конвенциясының ратификацияланған келіссөздеріне ерекше назар аудара отырып, Карнет АТА-ға  ену процедурасын таныстырып өтті. Дәріскерлер әзірше дайындық сатысында Қазақстан аумағында карнет АТА рәсімін іске асыру үшін нормативтік құқықтық, дайындау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпаратпен бөлісті. Қатысушылар Карнет АТА-ны Қазақстанда ұсынатын Сыртқы Сауда палатасының қызметтерімен танысты.

Карнет АТА процедурасы бойынша рәсімдердің тәртібін, кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша шағымдар (наразылықтар) туралы сұрақтар бойынша қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылды. ОҚО, БҚО, Жамбыл, Павлодар облыстары, Астана қаласы МКД қатысушылары ерекше белсенді болды.

Қорытынды тестілеуде 264 қызметкер қатысты, оның ішінде  262 маман тапсырманы толық аяқтады, оларға сертификат берілді, 2 қатысушы шекті деңгейдегі кедергіні еңсерген  жоқ.

Семинар соңында қатысушылардан сауалнама алынды, вебинардың пайдалылығы мен тиімділігі жөнінде сауалнама  өткізілді. Қатысушылар «семинардың күндізгі оқыту санын көбейту», « осындай семинарларды жиі жүргізу қажет», «бәрі қол жетімді және түсінікті» деп атап өтті.

Қазіргі уақытта ҚР ҚМ МКК орталық аппаратының қызметкерлері Карнет АТА процедурасын Қазақстанға өңдірудің нормативтік құжаттары және әдістемелік құралдарымен айналысуда.

2017 жылдың наурыз айында ҚР ҚМ МКК ОӘО «Карнет АТА процедурасын практикалық түрде қолдану, кедендік құжаттарды толтыру нұсқасы» тақырыбында халықаралық семинар өткізбек. Ресей Федералды-Кедендік қызметі, Беларус Республикасы Мемлекеттік Кеден Комитеттерінің практик-сарапшылары, және де, РФ және БР Сауда-Өнеркәсіп палатасы өкілдері шақырылды.

Экономикалық өсімділіктің орталық байланыстырушы буыны білім екенін ескере отырып, аумақтық мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жұмыстары жалғастырылады.

ҚР Қаржы министрлігінің

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

 (Бейбітшілік 10)